Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



Pdf көрінісі
бет59/81
Дата25.09.2022
өлшемі4,98 Mb.
#150647
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   81
Байланысты:
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600

Дүзелханов Ағымсалы 
Дүзелханов Ағымсалы Дүзелханұлы (19.08.1951) – суретші, Қазақстанның еңбек 
сіңірген өнер қайраткері (1996). 1976 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1982 
жылы Мəскеу көркемсурет институтын бітірген. Қолданбалы графика, плакат, кітап 
безендіру, кескіндеме, портрет жанрларында еңбек етеді. 
Тарихи, фольклорлық тақырыптағы жəне балаларға арналған 200-ден астам кітап 
безендірген. «Алтын сарбаз», «Түркістан», «Ордабасы», «Оғыз хан», «Көроғлы» т.б. 
кескіндеме туындыларының, сондай-ақ «Абылай хан», «Əбілқайыр хан», «Қазыбек би», 
«Əйтеке би», «Төле би», «Қорқыт» т.б. портреттер сериясының авторы. 
Суретшінің туындылары Қазақстанның жəне шет елдердің өнер мұражайларына 
қойылған. 
БИ ӨНЕРІ
Қазақ би өнері – халықтық фольклордың көне түрлерінің бірі. Ол туралы Қазақстан 
жерінде сақталған тастағы суреттер, тарихи деректер, орыс саяхатшылары, 
тарихшылары, ғалымдарының этнографиялық жазбалары сыр шертеді. 1934 жылы 
Қазақ музыкалық театры (қазіргі Қазақ опера жəне балет театры) құрылғаннан 


565
БИ ӨНЕРІ
Шара Жиенқұлова
Шара (Гүлшара) Баймолдақызы (1921 – 1991) – 
қазақтың атақты бишісі, халық əртісі. Ол Алматы 
қаласында туған. 
Биші өзінің өнер жолын қазақтың драма, опера жə -
не балет театрынан бастаған. Б.Майлиннің 
«Майдан», М.Əуезовтың «Еңлік – Кебек», «Қаракөз» 
жəне т.б. пьесаларында ойнап, операларда ұлттық 
билерді орын 
даған. Қазақ филармониясында 
қызмет етіп, 1962 – 1966 жылдары əн-би ансамблін 
басқарған. Ұлттық би өнерін дамыту үшін ел 
аралап, халық билерін, əдет-ғұрпын, салт-дəстүрін 
зерттеген.
Ш. Жиенқұлованың жетекшілігімен «Айжан 
қыз», «Қара жорға», «Қырық қыз» жəне т.б. көптеген 
билер дүниеге келді. Сахналық бидегі бейнелердің 
ішкі жан сұлулығын шебер шендестіре білген Шара 
қазақ би өнерінің дамуына мол үлес қосты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет