579
СПОРТ
САТТАРХАН БЕКЗАТ
(бокс)
1995 жылы Венгрияның астанасы Будапештте қола
жүлдені ұтып алды. 1994 жылы Жапонияның Хироси-
ма қаласындағы ХІІ Азия ойындарының қола жүлдегері
атанды. Орталық Азия елдері 1-ойындарының, Азия
құрлығының жəне 1996 жылы АҚШ-тың Атланта
қаласында өткен ХХVІ
Олимпиада ойындарының чем-
пионы атағын жеңіп алды. ХХVІ Олимпиада ойында-
рында ең үздік боксшыға берілетін В.Баркер кубогін
иеленді. 1997 жылдан бастап толығымен кəсіпқой
боксқа ауысты. Жиров ІВF версиясы бойынша
кəсіпқойлар арасындағы əлем чемпионы (2000). «Пара-
сат» орденімен марапатталған.
Олимпиадалық ойындардың чемпионы атағын жеңіп
алған спортшылардың бірі – Саттархан Бекзат. Ол 1980
жылы 4 сəуірде Оңтүстік
Қазақстан облысы Отырар
ауданы Балтакөл ауылында дүниеге келген. Бапкерлері
– Н.Жұмабаев, В.Везирякин. Қазақстан біріншілігінің
қола жүлдегері, Германия мен Финляндияда өткен жəне
Қазақстандағы Ə.Нұрмақанов атындағы халықаралық
турнирлердің жеңімпазы болды. Жастар арасында Азия
біріншілігінің жүлдегері, Əлем біріншілігінің күміс
жүлдегері.
Қазақстан біріншілігінің, К.Əбдəлиев жəне
С.Нұрмағамбетов атындағы халықаралық турнирлердің
жеңімпазы атанды. Азия чемпионатының, ІІІ Орталық
Азия ойындарының жəне Венгриядағы халықаралық
турнирдің, Испаниядағы,
Чехиядағы халықаралық
турнирлердің жеңімпазы, Мəскеудегі Гран-при
кубогінің иегері болды. 2000 жылы Австралияда Сид-
ней қаласында өткен ХХVІІ Олимпиада ойындарының
алтын жүлдегері атанды. І дəрежелі «Барыс»
орденімен
марапатталған. 2000 жылы 31 желтоқсанда Түркістан
қаласында қаза болды.