575
СПОРТ
ВЛАДИМИР ВОХМЯНИН
(тапаншамен ату)
АЛЕКСАНДР ПАРЫГИН
(бессайыс)
КСРО-ның халықаралық дəрежедегі спорт шебері,
1982 жылғы Еуропа жеңімпазы, 1982 жəне 1986
жылдардағы əлем жеңімпазы, Əлем кубогының иегері,
ХХV жəне XXVI Олимпиадалардың қола жүлдегері.
Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, 1994
жылғы Азия мен Азиялық ойындардың жеңімпазы,
1996 жылғы Атлантадағы Олимпиада жеңімпазы.
Халықаралық аренада қазақстандық баскет-
болшылардың мерейі жылдан-жылға үстем болуда.
Баскетболшыларымыз олимпиадалық ойындарда
жүлделі орындарға ие болып жүр.
Владимир бала күнінен баскетболмен айналысты.
Баскетбол өмірінің маңызды бөлігі болды. Оның
шеберлігі күннен-күнге артты. Олимпиада құрама то-
бына кірді.
1988 жылы Сеулде
өткен Олимпиадада көрермен-
дер баскетболшылардың таңқаларлық ойынын тама-
шалады. Құрама топтағы В. Тихоненко Олимпиада
жүлдесіне қол жеткізді.
Теміртаулық Владимир Вохмянин Қазақстаннан
бірінші болып, тапаншамен
тез атудан Барселонда
өткен XXV Олимпиадада қола жүлдеге ие болды.
Бəрі де кəдімгідей басталған еді. 1974 жылы тапан-
шамен ату бөліміне қабылдау жарияланды. Оны жас
бапкер Анатолий Бабушкин жүргізді. Володя – алғашқы жазылған оқушылардың бірі.
1980 жылы КСРО кубогінде үшінші орынды алып, кейін
Еуропа біріншілігіне қатысып,
жастар арасында алтын алқаның иесі болды, Олимпиадалық топқа кірді.
Қазіргі бессайыс түрлерінің (ату, қылыштасу, жүзу,
атқа салт міну, жүгіру) өзіндік қиындықтары бар.
576
СПОРТ
Саша мектепте оқып жүрген жылдары жүзумен айналысты.
Ату шеберлігіне оны
спортқа еңбегі сіңген бапкер А. Бабушкин баулыды. Қылыштасуды Қазақстанның ең
мықты деген бапкерлері үйретті. 1996 жылғы Олимпиадада Парыгин бессайыстың
бірінші түрінен – дүбірлі тапаншамен атуда 11-ші орын алды. Қылыштасудан үміті
ақталып, 1-ші орынға ие болды. Жүзуден – 21-ші орын. Атқа салт мініп жүруден екінші
орынға ие болды. Енді жүгіру. Мəреге бір жарым айналым
қалғанда қазақстандық
спортшы ресейлік Зеновты басып озды. Александр Парыгин осылайша жігерлілігінің
арқасында жеңіске жетіп, жанкүйерлерін таңғалдырды.
Достарыңызбен бөлісу: