Сыныбы: 5 Сабактын тақырыбы



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі1,05 Mb.
#26942
  1   2
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқов мектеп-гимназияның информатика пәні мұғалімі, Арыстанова Күнімкөз Бөрғазықызы.

Сыныбы: 5



Сабактын   тақырыбы :    Сандық пернелермен жаттығу.

Сабақтың  мақсаты:

  білімділік: Оқушыларға пернетақтаның бөліктерін таныстыру, сандық пернемен жаттығу жасауды үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, жылдамдыққа, санды0 пернемен жаттығу жасау арқылы ғылыми- көзқарасын дамыту.

Тәрбиелілік: сабырлыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық, зерттеу сабағы.

Сабақтың типі: баяндау,көрсету,практикум

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, тест сауалдары,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: пернетақта, Stamina бағдарламасы, смайликтер, стикер, плакат, бағдаршам, слайд.

Пән аралық байланыс:қазақ тілі, математика пәндері, орыс, ағылшын тілдері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

1.Амандасу.(Сынып оқушыларына жағымды ахуал орнату).

2.Топқа бөлу. ( Пернетақта, монитор, жүйелік блок суреттері арқылы үш топқа бөлінеді).

ІІ. Ою-өрнек перфокартасы арқылы үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Миға шабуыл. Проблемалық сұрақ.

Постер қорғау  «Пернетақтаның сандық пернелерімен танысу».

IV. Тапсырмалар

1. Практикалық жұмыс (әр топқа жеке топтық жаттығу беріледі).

2. Тапқыр болсаң тауып көр(Үш топ бір-біріне өлең жолдарымен сиқырлы сұрақтар қояды).

Сергіту сәті (видеоролик арқылы көз жаттығуын жасау)

3.Полиглот(әр топ сөзді тауып, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударады).

4. Жасырын пернелерді тап. (Слайта пернетақтаның жасырын тұрған пернелерін табу керек).

5.Жұмбақтар әлемі. (Жалпы екі топқа да жұмбақтар жасырылады).

V. Компьютермен жұмыс(Stamina бағдарламасы арқылы жаттығу).

VІ. Қорытындылау.

  1. Өлеңжолдарымен жұмыс. (Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін оқушылар білімдерін өлең жолдарымен айтады).

  2. Бағалау. (Топтық жұмыста жинаған смайликтері бойынша бағаланады).

VI. Үйге тапсырма.

І. Амандасу.Салеметсіздер ме! Оқушылар,балалар. Бүгін біз өте қызықты және өмірде қажетті ақпараттармен танысамыз. Сабағымыз көңілді өту үшін маған көмектесесіздер деп ойлаймын, мен сіздерге сенемін.

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу үшін оқушылар көздерін жұмып мұғалімнің сөздерін қайталайды.

  1. Мен информатика сабағында отырмын

  2. Мен білгенімнің барлығын есімде сақтаймын

  3. Менің көңіл күйім жақсы

  4. Мен білімді, ақылды, шығармашыл оқушымын

  5. Мен сабаққа дайынмын.

  6. Мен өзіме сенемін

  7. Мен жетістікке жетемін

2. Топқа бөлу ( Пернетақта, монитор, жүйелік блок суреттері арқылы үш топқа бөлінеді). Оқушылар өздерінің арасынан топ басшысын сайлап алады. Топ басшысы өз топтарының атауы бойынша мағлұмат беріп өтеді.

ІІ. Ою-өрнек перфокартасы арқылы үй жұмысын тексеру (тест арқылы). Экранға тест тапсырмасы слайд түрінде көрсетіледі. Оқушылар тестті кестеде орындап, дұрыс өрнекті табу керек. Өрнектен алфавиттің әріпі шығады. Біздің бүгінгі сабағымыздың бас әріпі С әріпі.


1. Ақпарат деген не?
А) сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
В) компьютердің құрылғыларының көмегімен жеткізубелгісі
С)  бейнелеу тәсілдері арқылы жүзеге асыатын мәліметтер
2. Файлды сақтау үшін қандай бұйрықты орындаймыз?
А) Сақтау
В) Құру

С) Ашу.

3. Ақпартты уақытша сақтайтын жадыны көрсет?

А) буфер

В) жады 
С) процессор 
4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі

А) бит
В) байт
С) 1
5. Индикатор деген не?

А)  пернетақтаның өшірулі тұрғанын көрсетеді.

В)  пернетақтаның қандай режимде жұмыс істеп тұрғанын көрсететін кішкене шамдар
С)  пернетақтаның қосылу тұрғанын көрсетеді.
 

6. Ақпарат енгізу құрылғысы

А) жүйелік блок
В) монитор 
С) пернетақта
7. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?

А) файл
В) бума
С) құжат
8.Windows деген не? 

А) терезе
В) есік

С) кесте

9. Ақпаратты тасымалдауыштар тізбегін тап?

А) диск, флешка, дискет

В) принтер, колонка, тышқан

С) видеокарта, процессор, монитор




ІІІ. Жаңа сабақ. Миға шабуыл. 

Проблемалық сұрақ. Сурет арқылы оқушылармен диалог жүргізу. Суретте не бейнеленген? Сендердің ойларынша бұл зат неге ұқсайды?

Бұл тұтас затпа немесе бір заттың бөлігі ме?



Жауабы: Пернетақтаның сандық бөлігі.

Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы Сандық пернелермен жаттығу.

Пернетақта туралы өткен сабақтарда өткенбіз. Бүгінгі сабақта пернетақтаның сандық пернелерімен жаттығу жасаймыз.

Жаңа сабақты үш топ зерттеу жұмысын жүргізе отырып, постер арқылы қорғайды. Үш топқа тапсырмалар беріледі.

  1. «Пернетақта» тобының тапсырмасы

Сандық пернелер деген не? –цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді

басқаруға арналған. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10

пернеден тұрады. Сонымен қатар +,-,*,/,= амалдары бар. Пернетақтада оң

жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге

енгізуге, сондай-ақ меңзердің экранда қозғалуын басқаруға болады.

«NumLock» пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режімін

ауыстырып қосады.


  1. Каталог: sabaq-kz -> attachment
    attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
    attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
    attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
    attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
    attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
    attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
    attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
    attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет