Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет325/337
Дата21.04.2023
өлшемі2 Mb.
#175066
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   337
Байланысты:
Kazak tili Metodika 4 kl Rus basic

Сабақтың тақырыбы

Қайталау. (4-тоқсан, 8-тарау). 128-сабақ

Дағды

Грамматика, тілдік дағды

Оқыту мақсаттары

4.2.1.1 Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
4.1.3.1 Тыңдаған материалдың ұзақтығы (2-2,5 мин), мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
4.4.3.1 Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте), қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану
4.5.1.2 Көптік\тәуелдік\жіктік\ септік жалғаулы сөздерді ауызша\жазбаша
қолдану

Лексикалық минимум

Өткенді еске түсіріп, сұрақтарына жауап бере білуге үйрету

Алдыңғы білім

Өзгеру мен даму

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Сабақтың барысы

С.кезеңі

Жоспарланған оқыту іс-әрекеттері



уақыты

Қар.қат

Оқыту ресурстары

Кіріспе

-Балалар, бүгінгі сабақта «Сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғай аламын» айдарын басшылыққа алып жұмыстанатын боламыз. Бүгінгі сабақ жарыс сабақ болмақ. Яғни, бүгінгі сабақ қайталау сабағы болғандықтан, өткен сабақтардан алған білімімізді дәлелдейміз. Алғаш тапсырма берілген сөйлемдегі сөздерге тиісті қосымшасын дұрыс жалғау болып табылады. Бұнда 4.5.1.2 мақсаттары жүзеге асырылады. Жарыс сабақ екі топқа не командаға бөлініп
орындалуы тиіс.

2 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

«Сөз тіркесін құрай аламын» Келесі тапсырма сөздер топтамасынан бірнеше сөз тіркестерін мағынасы мен орын тәртібін сақтап құрау сұралады. Бұл тапсырма да екі команданың қайсысы көп сөз тіркесін шапшаң құрай алуына негізделеді.

3 мин

Топтық жұмыс

Оқулық

ҚБ. «Ауызша сөзбен бағалау» – бағалаудың кең таралған түрi. Мұғалiм жаттығуды жақсы орындаған оқушыны мадақтау арқылы ауызша түрде кері байланыс орнатады, сәйкесінше оқушы өзінің осы материалды немесе ақпаратты ойдағыдай меңгергенін түсінеді. Мұғалім жаттығуды орындау барысындағы оқушының жіберген қатесіне ешқандай белгі қоймай-ақ бағалайды. Қорытындысында оқушы одан да биігірек нәтижелерге жетуі үшін не істеу
керектігін ойлайтын болады.




Негізгі бөлім

«Сөздердің мағынасын түсінемін және өзгерте аламын»

5 мин

Жеке

Оқулық

Келесі тапсырма сөздердің мағынасын түсініп және




бастапқы мағынаны өзгерте де қолдана алу шартын




көздейді. Мұнда оқушылардың зеректігі мен сөздік




қорының молдығы танылады, шапшаң ойлай білу




қабілеттері байқалады.




Ендігі тапсырма бойынша оқушыларға сөз мағынасын жете

5 мин

Мұғалім - сынып

Оқулық

түсінгенін анықтау мақсатында сөздердің мағынасын




түсінемін және мәндес мағыналы сөздерді тауып айта




аламын деген талап қойылады. Және 4.2.1.1 мақсаты




жүзеге асырылады.




«Сөздердің мағынасын түсінемін және мәндес сөздерді айта

3 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

аламын». Бұл тапсырма екі топқа бірдей мәтін ұсынып,




онда осыған дейін өткен жаңа сөздерді мәтін ішінен табу,




анықтау және мағынасын түсіндіру, мәтінді мазмұндау,




мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру арқылы жүзеге




асырылады. Мұғалім оқушыларды уақыт белгілеп,




қадағалап отырады.







«Таныс сөздерге сүйеніп, мәтін мазмұнын түсіне аламын» айдарындағы тапсырмада мәтінді толықтырып оқып, мәтін соңындағы сұрақтарға жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   337




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет