«Тыңдайық» айдары бойынша дискіде берілген материалды тыңдайды, тапсырманы орындамас бұрын оқушылардың назары оқулықтағы суретке аударылады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды. – Балалар, мәтін не туралы болуы мүмкін? Оқушылар мәтіннің не туралы болатыны туралы болжам жасайды. Бұл тапсырма оқушылардың тыңдалым дағдысын дамытуға, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінуге бағытталған. Мұғалім мәтінді бір рет тыңдатып, оның жалпы мазмұнын қаншалықты ұққанын сұрайды. Оқушылар бұл кезде жалпы сұрақтарға жауап береді. Егер сд диск жасамай қалса, не болмай жатса, мұғалім тыңдалым мәтінін өзі оқуына болады.
Осы тапсырманы орындау барысында 4.1.2.1 бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну және 4.1.4.1 Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау
мақсаты жүзеге асырылады.
|
8 мин
|
Мұғалім-сынып
|