243
сығырая қарады ( К.Т.). 3.
Ондайын байқаған да емес едім, Жалт беріп атып
кеткенде, жалына жабыса бердім (Қ. О.). 4. Іші жарқ-жұрқ етеді ( З.Ш.). 5.
Әлсін-әлсін қойдың шеті дүр етіп басылып, маңырап, пысқырғандары естіледі
(К. О.). 6.Басы бұлғаңдап, сылқ-сылқ күлген Евдокия Кириловна :
- Жә,
жасырмай-ақ қой, - деді (К. Т.). 7. Монтиған мінезбен маң-маң басып
Тоқаштың қасына барды (З. Ш.). 8. Бекбосын мырс етіп қалды да, бет-аузын
тыржитып, тымағының бауын шешті (К .О.). 9.Одан басқа не
бітіреді дейсің
олар десіп, жұрт гу-гу етіседі (К. Т.). 10. Тоқаш сылқ етіп томарға отыра кетті
(З. Ш.) 11. Әлден уақытта сарт етіп есік ашылады (З. Ш.). 12. Төргі бөлмеде ақ
болскей кереуетте екі-үш жасар еркек бала ұйқтап жатыр (Ғ. М.).
143-жаттығу.
Еліктеу сөздердің түрлеріне төменде көрсетілген үлгі бойынша мысалдар
келтіріп, олардың үш-төртеуімен сөйлем құрап жазыңдар.
1.
Күлкінің түрлері:
қарқ-қарқ, мырс-мырс.
2.
Қимыл, қозғалыс түрлері:
кердең-кердең, сылаң-сылаң.
3.
Адамның бет құбылысының (мимикасының) түрлері:
тыржың-тыржың,
жәутең-жәутең.
Достарыңызбен бөлісу: