ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ
К.С.Тулеутаева
«№132 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жаңаарқа ауданы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Бүгінгі педагогика ғылымының лексиконында педагогикалық оқытудағы технология және инновация ұғымдары кеңінен қолданылып жүр. Бұл ұғымдар педагогикалық мақсатқа пайдаланатын барлық инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесін білдіреді.
Тіл мамандары тілді тиянақты, әрі жүйелі түрде үйрету үшін оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалана білуі қажет. Жаңа технологияны пайдаланудағы ең басты шарттарының бірі – осы технологиямен толық қаруланған мұғалім. Жаңа технологияны жақсы меңгеруі мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Ұстаз инновациялық технологияны сабақта тиімді пайдаланса, оқушылар көптеген білім-білік, дағдыларды игеріп, ана тілдің ұлттық құндылықтарымыздың бірі екендігін жете танып, оқулықта берілген лексикалық материалдар арқылы ана тілінің қадір-қасиетін бағалай білетін тұлға болып шығатынына сенеміз.
Берілген ашық сабақтардың жоспарында инновациялық технологияларды, атап айтқанда «Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысына ойлауды дамыту», «Сатылай кешенді талдау», «Саралап-деңгейлеп оқыту» сияқты технологияларды қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында тиімді қолдану жолдары көрсетіліп, бірнеше сабақ үлгісі келтірілген. Сабақ жоспарлары жаңа буын оқулықтарын («Арман-ПВ») басшылыққа ала отырып құрылған.
6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Морфологиядан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Морфология тарауынан алған теориялық білімдерін жүйелеу. Оқушылардың сөздің түрлері, сөз таптары бойынша алған білімдерін бекіту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілік ізгі қасиеттерге, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың типі: білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сатылай кешенді талдау, деңгейлеп саралай оқыту технлогиясы
Көрнекі құралдар: суреттер, кестелер, интербелсенді тақта
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, психология
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Үйге берілген жаттығу жұмысының орындалысын тексеріп өтіп, морфология тарауы туралы сұрақтар қою.
ІІІ. Морфология саласы бойынша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары
1-деңгей. Міндетті, оқушылық деңгей.
272-жаттығу.
Төменде берілген сөздерді (жалаң немесе күрделі тіркес күйінде) пайдалана отырып, түрлі сөйлем мүшесі есебінде қолданып, сөйлем құраңдар.
Сәуле, пейіл, оқыған, тамаша, жақын, жарқ.
274-жаттығу «Жаз жұмбақтары» тақырыбында өсімдік, табиғат құбылыстары, жәндіктерге қатысты өз жұмбақтарыңды ұсыныңдар.
Көбелек, кірпі, бал арасы, инелік, қоңыз, құмырсқа.
Балалар, жоғарыда келтірілген жұмбақтардың шешуі болып табылатын жәндіктерге қашан жан бітеді?
Көктемде.
Көктем мезгілі туралы өз ойларыңды ортаға салыңдаршы.
Көктем – жыл мезгіліндегі ең тамаша,ең қызыққа толы мамыражай
мезгіл. Сондықтан да маған мезгілдердің арасынан көктем ерекше ұнайды. Қыстың соңғы айларында күн жылып,сай-саладан су ағып, жер көгереді, алыс жақтан құстар ұшып келеді, жан-жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін жаластырады. Жер бетіне алғашқы гүл бәйшешек гүлдейді. Ағаштар бүр жарып жапырақтанады. Бір сөзбен әлем жаңарып, жер ана жасыл көйлегін киеді.Көктемде төрт түлік төлдейді. Халық абыр-сабыр боп шуылдасып, бірін-бірі қонаққа шақырады, қыстан мал-жан аман-есен шыққанына қуанады.Бәйшешек гүл шыққан соң, жер беті әдемі болып кетеді.
Көктемде қандай мерекелер тойланады?
Көктемдей әдемі қыздар, аналар мерекесі тойланады. Сондай-ақ Ұлыстың ұлы күні Наурыз да бар. Бұл күні күн мен түн теңеледі.
Ендеше келесі мәтініміз осы мереке жайлы болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |