Қазақ тіліндегі эмоционалды


  4  МӘТІННІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ



Pdf көрінісі
бет158/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

 


189 

МӘТІННІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ 
 
МАЗМҰНЫ
 
 
Мәтін –
сөйлеу процесінің жемісі. Ол тілді жүйелі қолданудың 
барысында ғана
пайда болады. Мәтін –
жазудың шығуымен байла
-
нысты қалыптасып жетілген және ары қарай дамып отыратын құры
-
лым. Мәтін тілдік таңбалардың мағыналық және тұлғалық байланыс
-
тылығы негізінде түзіледі. Мәтіннің белгілі бір ішкі мазмұны мен 
қарым
-
қатынас жасауды
іске асыру, дер кезінде қабылдана алу 
мүмкіншілігі сияқты қасиеттері болады. Мәтіндегі тілдік бірліктер 
түрлі амал
-
тәсілдер арқылы байланысады. Мәтіндегі тілдік бірліктерді 
байланыстырушы амалдарға қосымшалар, шылаулар, қыстырмалар, 
қайталаулар, сөздердің
орын тәртібі, интонация т.б жатады.
Қазіргі 
мәтін лингвистикасының мынадай зерттеу бағыттары атап көрсетіледі: 
«1) мәтінді тіл жүйесіндегі өзіндік белгі, сапалары бар ең жоғары 
тұлға
-
бірлік (жүйе) ретінде алып тексеру; 2) мәтіннің түрлерін ажыра
-
тып, мәтін типологиясын жасау; 3) мәтін құрушы тұлға
-
бірліктерді 
және олардың қызмет ету ерекшеліктерін зерттеу; 4) мәтінге тән 
өзіндік категорияларды анықтау; 5) мәтін құрушы байланыстар мен 
қарым
-
қатынастарды зерттеу» [
7
, 271].
 
Мәтін таңбалары бірліктердің тұрпаттық және мазмұндық бірлігі 
ретінде қолданылады. Сөйлеу мәдениеті сөйлеушінің айтылатын 
немесе жазылатын мәтіннің байланыстылығына зейін қоюын талап 
етеді. Мағына –
тілдік таңбаның тілден тыс ақиқат шындықтың адам 
санасында бейнеленуінің нәтижесінде түзілетін мазмұны. Тіл жүйесін
-
дегі тілдік бірліктің мағынасы виртуальды, яғни бұл бірліктің қандай 
мағына білдіретіндігіне байланысты анықталады. Тілдік бірліктің 
мағынасы нақты сөйленімде көрінеді. Сөйлеуші
үшін әңгімелесушінің 
назарын мағынаға аудару маңызды.
Ал тыңдаушы үшін сөйлеушінің 
коммуникативтік мақсатын барынша түсінуге ұмтылу маңызды болып 
саналады. 
Соңғы кезде тіл мамандары көркем шығармадағы эмотивті 
лексикаға аса зор мән бере бастады. Көркем мәтін көп функциялы. 


190 
Көркем мәтіннің эстетикалық қызметі мәтіндегі коммуникативтілікті, 
экспрессивтілікті, прагматикалықты, эмоционалдылықты күшейте 
түседі. Көркем мәтін тілі өзіне ғана тән тіл заңдылықтарымен ерекше
-
ленеді. Адам көркем шығармадан қоршаған орта туралы шексіз мәлі
-
мет алады. Көру және есту мүшелері арқылы эстетикалық, эмоцио
-
налдық әсер беретін
музыка және көркемсурет өнерімен салыстыр
-
ғанда көркем әдебиет тыңдаушыға немесе оқушыға белгілі бір ақпарат 
беру арқылы әсер етеді. Егер логикалық мәтіннің негізгі қызметі 
мәлімет беру болса, көркем мәтіннің негізгі қызметі тыңдаушыға әсер 
ету. Көркем мәтінде әдетте интеллектуалды да, эмоционалды да, эсте
-
тикалық та ақпарат беріледі. Бұл ақпараттардың барлығы қабылдау
-
шыға рационалды, эмоционалды, эстетикалық түрде әсер ету арқылы 
беріледі. Мұндай әсер ету барлық тіл деңгейлерінің құралдары арқылы 
жүзеге асырылады. Мәтіннің тыңдаушыға немесе оқушыға эмоцио
-
налды әсер етуі –
оның ажырамас қасиеті болып есептеледі. Мәтіннің 
эмоционалды мазмұны барлық тілдік деңгейлерден көрініс табады
(фонетикалық, графикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксис
-
тік); сонымен қатар,
доминант эмоционалды мағыналар мәтіннің 
семантика деңгейінде тұтастай көрінеді. Маңызды мәселелердің бірі –
мәтінге эмоционалды реңк беретін тілдік құралдар мен тәсілдерді 
анықтау.
Эмоцияны репрезентациялайтын фонетикалық құралдардың және 
мәтіндегі эмоционалды мазмұнды берудің классификациясы жайында 
түсінік
фразалық екпін, ырғақ, темп, паузация, әуезділік, тембр, дауыс 
жоғарылығы, дауыс диапазоны сияқты мәселелермен байланыста 
қарастырылады. Әуен, қарқын, ұзақтылық, пауза, интенсивтілік, тембр 
интонацияның негізгі компоненттері болып табылады. Интонацияның 
компоненттері просодикалық тәсілдер деп те аталады. Интонацияның 
аталған компоненттері бір
-
бірімен тығыз байланысты болғанымен, 
олар мәтіннің
барлық түрлерінде әруақытта бірдей орын алады және 
бәрі бірдей тыңдаушыға анық естіледі деп айту қиын. Интонацияның 
негізгі қызметтерінің бірі әр түрлі эмоцияларды айқындау болып 
табылады. Сөйлемнің коммуникативтік мағынасымен бірге эмоциялық 
экспрессивтік түрлерін анықтайды. Бұл функция адамдардың түрлі ой
-
сезімін, оның құбылуын, өзгеруін білдіреді. Кейде интонацияға байла
-
нысты сөйлемнің реңкі ғана емес, оның негізгі мағынасы да өзгереді. 
Мысалы, 
Біз оны білеміз ғой
деген сөйлем интонацияға байланысты әр
түрлі мағынаға ие болуы мүмкін. Егер бұл сөйлем көтеріңкі, қуа
-
нышты интонациямен айтылса, жағымды, ал төмен, созылыңқы, кеке
-
сін реңкі бар интонациямен айтылса, жағымсыз мағынаға ие болады. 
Сонымен қатар интонация сөйлеп тұрған адамның айтылып тұрған 


191 
мәселеге деген көзқарасын да білдіре алады. Сөйлеушінің айтылып 
тұрған ойды қолдайтыны немесе қолдамайтыны, қуанышы, реніші, 
мақтанышы, құрметі, я болмаса реніші мен мысқылы интонация 
арқылы анықталады.
Эмоцияны репрезентациялайтын лексикалық құралдардың
және
мәтіндегі эмоционалды мазмұнды беру сөздің эмотивті мағынасы және 
коннотация,
эмоционалды
-
экспрессивті лексика, күшейткіш тілдік 
бірліктер, сөзжасам, идиома, клише, фразеологиялық бірліктер мәселе
-
лерімен бірлікте қарастырылады. Мысалы, 
оңбаған, қаныпезер, жауыз 
немесе 
сұлу, әдемі, көрікті, керім
сияқты сөздер бір
-
бірінен тек лекси
-
калық мағынасымен ғана емес, эмоциялық реңкімен де ажыратылады. 
Эмоцияны репрезентациялайтын морфологиялық құралдардың
және мәтіндегі эмоционалды мазмұнды берудің классификациясы сын 
есім шырайларының, үстеулердің және көмекші етістіктің қолда
-
нылуымен байланысты. 
Эмоцияны репрезентациялайтын синтаксистік құралдардың және 
мәтіндегі эмоционалды мазмұнды беру
қайталау түрлері: парцелляция; 
инверсия; транспозиция; эмфатикалық құрылымдар; шылау; парал
-
лелизм негізінде жүзеге асырылады. Сөйлемнің коммуникативті 
түрлері, синтаксистік стилистикалық құралдар туралы да қосымша 
түсінік беріле кеткені орынды. Айтылу мақсатына қарай хабарлы, 
лепті, сұраулы болып келетін сөйлемдер де адам
психологиясына, ішкі 
дүниесіне әр түрлі әсер етеді. Зерттеушілер арасында түрлі пікір туғы
-
зып жүрген мәселе –
мәтіннің көлемі. Мәтін міндетті түрде бірнеше 
сөйлемнен тұруы керек пе, жоқ әлде бір сөйлемнен, тіпті бір сөзден де 
құрыла бере ме деген мәселе әлі де терең зерттеуді, дәлелдеуді, 
ғылыми тұжырым жасауды қажет етеді. Қазір мәтін зерттеушілер 
мәтіннің құрылымдық бірліктеріне
негізінен күрделі синтаксистік 
тұтастық пен абзацты жатқызады. Эмоционалды мазмұнның мәтіннің 
жанрлық ерекшелігіне байланысты көріну сипаты, мәтіннің эмотивті 
кеңістігі мәселелері
шешендік сөздер, газет мәтіндері, жарнама мәтін
-
дері т.б. байланыста қарастырылғанда оң шешімін табады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет