197
туралы сөз қозғағанда ең алдымен тақырыптардың рөлі басты назарда
болуы керек. Себебі, жоғарыда айтылғандай мәтінге қатысты ең
алғашқы ақпарат олардың тақырыптары арқылы беріледі.
М. Мақатаев шығармаларындағы
мәтін тақырыптарының ерекше
-
лігін зерделеу мақсатында жиналған тілдік деректер ішінен сұраулы
мағынадағы тақырыптарға тоқтала отырып, адамға әсер ету мақса
-
тында қолданылатын әр тілдік бірліктің ықпал ету қызметінің өз
алдына ерекше екендігін байқауға болады. Зерттеуші Г.В. Ким атап
көрсеткендей: «Прагматический значимым может быть использование
единиц разных уровней, от звука до предложения. Прагматика языко
-
вых
единиц разных уровней, от звука до предложения. Прагматика
языковых единиц содержательна. Кроме того, умение соотнести
языковое явление с тем значением, которое оно получает в конкретном
тексте или придает высказыванию в определенной речевой ситуации, –
важное условие выбора точных и эффективных языковых единиц для
выражения мысли» [
105, 82].
«Прагматизм» ғылым мен философиядағы теориялық идеялардың
нәтижесінде ғана емес,
қоғамдық
-
әлеуметтік қатынас жағдайында
ғылымның іргелі, қолданбалы салаларында нақты практикалық міндет
-
терді шешу мақсатынан да туындады. Мұндай міндеттер коммуника
-
тивті әсер етудің ең тиімді деген жолдарын, стратегиясы мен такти
-
касын көрсетуді талап етті. И.М. Копыленко: «Тіл білімінің қазіргі
жай
-
күйі қарым
-
қатынастың түрлі жағдайындағы
тілдік бірліктердің
қызметін талдауға ерекше мән берілуімен сипатталады», –
деп жазады
[106, 132].
Мәтін тақырыптарына ерекше тілдік бірлік ретінде талдау жасау,
оны негізгі прагматикалық компоненттердің бірі ретінде қарастыру
бұл мәселеге жаңаша көзқараспен қарауға септігін тигізеді. Мәтін
тақырыптары –
жүйелі түрде қолданылатын тілдік бірлік. Олар кез
келген мәтінінің құрамдас бөлігі ретінде мәтіннің мазмұнын ашатын,
мәтініндегі алғашқы ақпаратты жеткізетін
тілдік таңбаның ерекше
түрі. Олар мәтін тақырыбы қызметінде жұмсалып, шығарманың мәнін
ашатын ерекше құрал қызметін атқарады. Тақырыптарға қатысты
жазылған ғылыми еңбектердің барлығы да тақырыптардың мәтінінің
мағыналық доминанты болып табылатындығын көрсетіп отыр.
Мәтін тақырыптары құрылымына, құрамына қарамастан үш негізгі
қызметті атқарады. Олар: атауыштық, ақпараттық және прагматика
-
лық. Бұл негізгі үш қызмет бір
-
бірімен өзара тығыз байланысты. Мәтін
тақырыбының атауыштық қызметі мәтіннің
белгілі бір атаумен таңба
-
лануымен, мәтіннің аты ретінде қолданылуымен байланысты.
Ал
ақпараттық қызметке тоқталатын болсақ, тақырып ең алдымен оқушы
-
198
ға
мәтін мазмұнының не туралы екендігінен қысқаша мәлімет беріп,
сілтеме жасап тұрады.
Тек мазмұны туралы ғана емес, сол мәтіннің
қай стильде жазылғаны, тіпті кей жағдайда қай жанрлық түрге жата
-
тындығы туралы мәліметті де мәтін тақырыбынан алуға болады. Кез
келген мәтін тақырыптары мәтіннің жалпы прагматикалық бағытын
жасай алады. И.Р. Гальперин атап көрсеткендей «әр мәтін туралы
белгілі бір деңгейдегі ақпарат сол мәтіннің тақырыбы арқылы да
алдын ала беріліп отырады» [10
7, 19].
Достарыңызбен бөлісу: