Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет199/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19
5 сынып, 1
Дереу бір қолымен Аянды кекілінен шап ете қап, шалқасынан 
гүрс еткізді.
Жығып ап Аянның бет
-
аузына былшылдатып соға бас
-
тады
. Аян 
тырс етіп үн шығармастан, астында жатып құр
қол
-
аяғын ербеңдете береді
(С. Мұратбеков).
Бай баласы және екі
-
үш бала
 
жабылып ұрып, мұрнынан қанын 
ағызды 
(Ж. Аймауытов)
.
Қартқожа ауылының бір баласын Жұмат деген бала 
ұрып жат
-
қан соң,
 
болысайын деп еді, Жұмат қарулы бала –
 
желкеге қойып
-
қойып жібергенде тасқа жығылып, қолын даладай қылып қанатып 
кетті
 
(Ж. Аймауытов)

Қорыта келгенде, адам түрлі эмоция әсерінен ол мейлі жағымды, 
мейлі жағымсыз болсын түрлі ым
-
ишараттар мен дене қимыл
-
қозға
-
лыстарын жасайды. Маңдайынан сипау, шашынан сипау, маңдайынан 
иіскеу, бетінен сүю,бетін шымшу, иек қағу, иек көтеру, езу тарту, 
бауырына басу, бауырына тығылу, қолтықтан демеу, қолтығына кіру, 
құшақтау, бет сипау, бетінен иіскеу, жүрегін алақанымен басу, көзін 
төмен салу, көзін төңкере қарау, арқадан қағу, қол алу, қол беру, қол 
созу, қос қолын бірдей ұсыну, қол қусыру, қол қысу, қолын кеудесіне 
қою, қол соғу, қол жаю, қол сілтеу, сұқ саусағын шошайту, бас 
бармағын көрсету, алақанын шапалақтау, бас ию, бас изеу, басын изең
-
дету, бас шұлғу, басынан сипау, басын шайқау т.б. да паралин
-
гвистикалық амал
-
тәсілдердің эмоциялық мағынасы бар. Эмоция 
әсерінен болатын дене қалпы дегенде біз түрлі қимыл
-
қозғалыстарды 
да басты назарда ұстауымыз керек.
 
Адамның қорыққан кезде қашуы да 
адамның үрейленіп, бір қауіптің төнгендігін сезген кезде жасайтын 
қимыл
-
қарекетіне, соған байланысты көрсеткен өзіндік реакциясына 
жатады. Адам тек қорыққан кезде ғана емес, бір нәрседен қатты ұялған 
кезде немесе екінші адамның іс
-
әрекеті, айтқан сөзі көңіліне қатты 
тиген жағдайда да қаша жөнелуі мүмкін. Адам жағымды, жағымсыз 


231 
эмоциялар әсерінен орнынан атып тұру, секіру, жүгіру, столды ұру, 
қолындағы затты лақтыру сияқты күтпеген қимыл
-
қозғалыстар 
жасайды. Адамның
денесінің қалпы (поза) да оның эмоциясынан хабар 
береді. Себебі адам әр түрлі эмоция кезінде кейде өз денесінің тепе
-
теңдігін игере алмау немесе бір орнынан қозғала алмай қалу сияқты 
түрлі күйге түседі. Бір орнына қозғала алмай қалу көп жағдайда 
күтпеген жайсыз хабар әсерінен болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет