12
әрқайсысы танымға әр қалай әсер етеді. Мәселен, біреуге қатты толқы
-
ныс тудырған жағдайға екінші біреудің бейжай қарауы немесе
қуанғаннан жылап жіберу, қорыққаннан талып қалу, қолпаштап, қол
шапалақтап жіберу т.б. жәйттер –
осының дәлелі. Олай болса, таным
процесін сөз еткенде, осы процесс үстінде санада пайда болатын сезім
мен эмоцияның назардан тыс қалмайтыны белгілі.
Кез келген қоғамда өмір сүретін адам сол ортадағы түрлі жағдайға
байланысты немесе
сырттан түрлі ақпарат қабылдау кезінде бір
қалыпта
болмайды. Түрлі сезімдік күйді бастан кешіреді. Ол сезімді
сыртқа шығарудың түрлі жолы бар, оның бірі эмоцияны тіл арқылы
шығару. Бүгінгі күнге дейін бірқатар зерттеу жұмыстарының жазыл
-
ғандығына қарамастан тілдегі эмоционалдылық мәселесі тіл білімі
тұрғысынан да мәдениеттану ғылымы тұрғысынан да терең зертеуді
қажет етеді. Эмоциялардың тілдегі көрінісі лингвистикалық тұрғыдан
да (тілдің қолданысы, тілдің прагматикасы, тілдің қарым
-
қатынастық
қызметі), лингвомәдениеттану мен әлеуметтік тіл білімі тұрғысынан да
(тіл және қоғам, тіл және адам, тіл және мәдениет) қарастырылуға тиіс
мәселе екендігімен ерекшеленеді. Бүгінгі күні тіл білімінде тілдік
бірліктерді әлеуметтік
-
мәдени аспектіде қарастыру ең көкейтесті
мәселелердің біріне айналып отыр. Мәдениет пен адам факторының
тілде ерекше көрініс табатын элементтерінің бірі –
эмоция.
Достарыңызбен бөлісу: