Қазақ тіліндегі эмоционалды


екі қолын бірдей ербеңдетіп, жігітті басқа



Pdf көрінісі
бет7/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19
5 сынып, 1
 
екі қолын бірдей ербеңдетіп, жігітті басқа
-
көзге 
сабалап
 
жылап жіберді. Бейкүнә жанның қауқарсыз далбасасы (С. 
Мұратбеков) –
 
жігіттен қатты қорқып, қарсылық көрсеткісі келген 
қыздың қимылы.
 
3. 

 
Жүр, кетейік! –
 
деп Әбірелдің Шақшай
 
қолынан сүйреді 
(І. 
Жансүгіров) –
 
қорқып, қашуға ыңғайланған адамның қимылы.
Адамның көзі оның эмоциясынан тікелей, нақты, ашық ақпарат 
беріп отыратын құрал. Себебі ол адамның бетіндегі ең негізгі, ең 
маңызды мүше. «Көз –
адам жанының, адам сезімінің айнасы» деп 
бекер айтылмаса керек. Төмендегі мысалдардан адамның көзі арқылы 
көрініс тауып отырған эмоциялық құбылыстарды байқауға болады. 


11 
1. 
Бұлар подвалда ұзақ отырды. Қырықтың ішіндегі бөтелкені 
босатты. Шақшай көп әңгімелер сөйледі. Сатанның 
құлағы оларда,
 
көзі айналасында болды
 
(І. Жансүгіров) –
 
осы отырыстың аяғы не 
болады деп үрейленіп отырған адамның кейпі.

2. 
Шеге мойнын бұрды. Бірақ үн жоқ. 
Кішкентай өткір көзінде 
ызғар бар
(С. Елубаев)

әкесіне қатты ызаланып, бірақ қарсы ештеңе 
айта алмай тұрған жігіттің кейпі.
 
3. 
Екі көзі боталаған кейпі соншалықты аянышты болып 
кетті.
Бірақ тырс етіп үн шығарған жоқ (С. Мұратбеков) 

қатты 
қорыққан қыздың кейпі.
 
Ұғымды ойлау процесінің жемісі ретінде, логикалық
категория 
ретінде танитын болсақ, ұғым сөз арқылы бейнеленетін болғандықтан, 
сөзді лингвистикалық категория ретінде танимыз. Ұғым дегеніміз –
шындық өмірдегі зат, құбылыс, іс
-
әрекетке тән басты белгілердің адам 
санасында жинақталып, қорытылып берілген бейнесі. Ғалымдардың 
айтуынша адам санасында ең алдымен нақты, деректі заттар мен 
құбылыстардың бейнесі қалыптасқан. Кейін адамның ойлау қабілеті
-
нің дамуына байланысты дерексіз заттар мен құбылыстар жайындағы 
түсініктерді қабылдауға мүмкіндік туған. Осылайша
адамның сана
-
сында сезім мүшелерімен білуге болмайтын, тек түйсік сезімі арқылы 
қабылданатын, 
қуану, қайғыру, ренжу, қобалжу, таңдану, сүйсіну
сияқты нақты дерегі жоқ құбылыстар да бейнеленіп берілетін болған.
Адам өзін қоршаған ортаны, онда болып жатқан түрлі процестерді 
сол қалпында да, түрлі сезімдік күйде де қабылдайды. Адамның түрлі 
сезімін жеткізуші құралдардың бірі –
тіл болып табылады.
 
«Ол келді
» 
деген сөйлемде ақпараттық сипат басым болса, 
«Оның келгені жақсы 
болды»
деген сөйлемде эмоциялық сипат басым. Бұл сезімдік қабыл
-
дау философияда таным процесі деп аталады. Таным адам баласының 
баршасына тән. Ешқашан бірін
-
бірі көрмеген, дүниенің әр бұрышында 
өмір сүрген адамдардың эмоциялық жай
-
күйі, ым
-
ишара жасауы, бет
-
әлпетінің өзгеруі, қолдарының қимылы сияқты әрекеттері өте ұқсас 
келеді. Танымды анықтауда оның бейнелеу мен қабылдау деп атала
-
тын категориялары басшылыққа алынады.
Бейнелеу дегеніміз –
танып
-
білуге тиіс объекті мен танушы субъектінің арасындағы күрделі 
қарым
-
қатынас процесі. Осы қарым
-
қатынастың негізінде белсенді 
сезімдік таным пайда болады. Сезімдік танымға жататын сезу мүше
-
лері: көру, есту, сезіну және ол үш формада: түйсік, қабылдау
және 
елестету арқылы жүзеге асырылады. Түйсік сезім мүшелеріне тікелей 
ықпал жасайтын құбылыстардың жеке сапаларын, қасиеттерін мида 
бейнелеу болса, қабылдау (сезімдік қабылдау) мен елестету –
белгілі 
бір формада қабылданған заттың сезімдік бейнелері Бұлардың 


12 
әрқайсысы танымға әр қалай әсер етеді. Мәселен, біреуге қатты толқы
-
ныс тудырған жағдайға екінші біреудің бейжай қарауы немесе 
қуанғаннан жылап жіберу, қорыққаннан талып қалу, қолпаштап, қол 
шапалақтап жіберу т.б. жәйттер –
осының дәлелі. Олай болса, таным 
процесін сөз еткенде, осы процесс үстінде санада пайда болатын сезім 
мен эмоцияның назардан тыс қалмайтыны белгілі. 
Кез келген қоғамда өмір сүретін адам сол ортадағы түрлі жағдайға 
байланысты немесе
сырттан түрлі ақпарат қабылдау кезінде бір 
қалыпта
болмайды. Түрлі сезімдік күйді бастан кешіреді. Ол сезімді 
сыртқа шығарудың түрлі жолы бар, оның бірі эмоцияны тіл арқылы 
шығару. Бүгінгі күнге дейін бірқатар зерттеу жұмыстарының жазыл
-
ғандығына қарамастан тілдегі эмоционалдылық мәселесі тіл білімі
тұрғысынан да мәдениеттану ғылымы тұрғысынан да терең зертеуді 
қажет етеді. Эмоциялардың тілдегі көрінісі лингвистикалық тұрғыдан 
да (тілдің қолданысы, тілдің прагматикасы, тілдің қарым
-
қатынастық 
қызметі), лингвомәдениеттану мен әлеуметтік тіл білімі тұрғысынан да 
(тіл және қоғам, тіл және адам, тіл және мәдениет) қарастырылуға тиіс 
мәселе екендігімен ерекшеленеді. Бүгінгі күні тіл білімінде тілдік 
бірліктерді әлеуметтік
-
мәдени аспектіде қарастыру ең көкейтесті 
мәселелердің біріне айналып отыр. Мәдениет пен адам факторының 
тілде ерекше көрініс табатын элементтерінің бірі –
эмоция.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет