Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет9/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

 
[12, 
265].
 
С. Кеңесбаев пен Т. Жанұзақов авторлығымен шыққан лингвис
-
тикалық терминдер сөздігінде аталған терминге «
Экспрессия

мәнер
-
мен бейнелеп айту» деген, 
экспрессивті сөздерге
: «ерекше стилисти
-
калық мәні бар, бейнелі, мәнерлі сөздер», –
деген анықтама беріледі.
Ал сөздің эмоциялық мәні «сөздердің дара мағынасына қоса адамның 
көңіл
-
күйін, ой
-
пікірін білдіретін сөз мәні»,

деп түсіндіріледі [13, 
181].


15 
І. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаев: «Эмоционалдық лексика белгілі бір 
құбылысқа, затқа қауымның беретін бағасын аңғартады, ...сөздердің 
эмоционалдық мәні сөздің лексикалық мағынасына сүйенеді, ал кейде 
лексиканың эмоционалдығы сөздердің тіркесіне байланысты болады», 

деп жазады [14, 176].
 
Эмоционалдылық пен экспрессивтілік бірқатар 
ғалымдар еңбектерінде атап көрсетілгенімен, қазақ тіл білімінде әлi 
күнге дейiн жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Эмоционалдылық 
пен экспрессивтілікті көрсететiн тiлдiк құралдар мен тәсiлдер, тiптi 
«эмотивтiлiк», «бағалауыштық», «экспрессивтiлiк», «интенсивтiлік», 
«образдылық» деген терминдер әлi күнге дейiн белгiлi бiр анықтамаға 
ие бола қойған жоқ. Сондай
-
ақ, «эмоция» мен «экспрессияның» мағы
-
налық ара жігін ажыратып, «эмоционалдық, экспрессивтік мән», 
«экспрессивтік реңк» ұғымдарын анықтау да ғылыми талдауды қажет 
етеді.
 
Қазіргі тіл білімінде 
тілдің көркемдегіш құралдары,
эмоцио
-
налдылық
пен 
экспрессивтілік
деп аталып жүрген мәселелерге А. 
Байтұрсынұлының еңбектері бойынша жасалған шолу аталған мәселе
-
лерді қазіргі филологияның даму деңгейі тұрғысынан ғалым еңбек
-
терімен салыстыра зерттеудің қажеттігін көрсетіп отыр.
Эмоция тілде фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгей
-
лерде көрініс табады.
Бірақ эмоциональдылық мәселесі қазақ тіл 
білімінде негізінен лексика
-
семантикалық және стилистикалық деңгей
-
де қарастырылып жүр. Фоносемантикалық, морфологиялық, синтак
-
систік деңгейде басқа мәселелерге қатысты сөз болғаны болмаса, 
арнайы зерттеу нысанына айналмаған. Қазақ тіл білімінде эмоцио
-
налдылық, экспрессивтілік
мәселесін жүйелі түрде зерттеу қазіргі күн 
үшін өзекті мәселелердің бірі. Қазақ тіл білімінде эмоционалдылық 
пен экспрессивтілік мәселесінің қарастырылуын шартты түрде екі 
топқа бөлуге болады. Біріншісі, арнаулы орта
және жоғары оқу орын
-
дарына арналған қазақ тілінің оқулығы, оқу құралы ретінде, сондай
-
ақ, 
ғылыми басылым ретінде жарық көрген және тілдің лексикология, 
стилистика немесе басқа мәселелерін қарастыру барысында айтылған 
мәліметтер, ал екіншісі соңғы жылдары қолға алына бастаған, эмоцио
-
налдылық пен экспрессивтілік арнайы зерттеу нысаны етіп алынған 
ғылыми жұмыстар. 
Алдымен бірінші топтағы жұмыстарға тоқталайық. М.
Балақаев, Е

Жанпейісов, М.
Томанов, Б. Манасбаев авторлығымен жарыққа шық
-
қан «Қазақ тілінің стилистикасы» атты еңбекте эмоционалды
-
экспрессивті сөздерге арнайы анықтама берілмегенімен эмоционалды
-
лық пен экспрессивтілік мәселесі туралы сөз қозғалғанда оларды екі 
тұрғыда қарастыру керек екендігі айтылады, біріншісі –
лексикалық 
мағынасы әуелден экспрессияға бейім тұратын сөздер, екіншісі –


16 
қолданылу процесінде жүре келе экспрессивті бояу алатын сөздер. 
Еңбек авторлары басқа сөздерге қарағанда еліктеуіш негіздерден 
жасалған етістіктердің, фразеологиялық тіркестердің экспрессивті 
бояуы басым болатындығын атап өтеді. Сондай
-
ақ, мұндай қасиеттің 
жеке сөздерге ғана емес, сөз тіркестеріне де, сөз формаларына да, 
синтаксистік конструкцияларға да тән сипат екендігі айтылады [15].
І. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаев авторлығымен шыққан «Қазіргі қазақ 
тілі» еңбегінде авторлар: «Қазіргі қазақ тілінде, басқа тілдердегі 
сияқты, сөйлеушінің бір затқа не құбылысқа эмоциялық көзқарасын 
білдіретін бір топ сөздері бар. Бұл категориядағы сөздерді тіл ғылы
-
мында эмоционалды лексика немесе эмоциялық мәні бар сөздер дейді. 
...Сөйлеуші 
орман, көл, үй, бес, ол
тағы басқа сөздерді айтқанда бұл 
заттардың атауында ешқандай эмоционалдық мән болмайды. Ал 
кейбір сөздерде, құбылыстардың атауларында жақсы немесе жаман 
қатынасты, психологиялық күйді көрсететін реңктер болады. Мысалы, 
айналайын, оңбаған
дегендер тек белгілі бір тиянақталған сөйлеушінің 
ой
-
күйін білдіреді. Эмоциялық лексика белгілі бір затқа құбылысқа, 
қауымның бағасын аңғартады»,

деп жазады [14, 178].
Аталған категориядағы сөздерді екі топқа бөледі:
Бірінші топ: эмоционалды бояуы бар сөздер іштей бірнеше топқа 
бөлінеді: а) Әсері күшті эмоцияны беретін сөздер (
масқара, сұмдық, 
сұм, қайғы, қуаныш, қорқыныш, жауыздық, жыртқыштық, нәзіктік, 
ақ көңілдік
т.б.). Бұл топтағы сөздер өздігінен эспрессивтік қасиетті 
бере алады. ә) Кейбір сөздер затқа немесе құбылысқа қоғамдық қарым
-
қатынас негізінде эмоционалды
-
экспрессивті бояу беруге қабілетті 
болады (
ұрлық, жауыздық, залым
т.б.). Бұл сөздер өзінің табиғатынан 
жағымсыз мағынадағы эмоциялық реңкті береді.
б) сөйлеушінің негізі
-
нде құбылысқа баға беретін сөздер (
әдемі, жақсы, көңілді, тамаша, 
қатты
т.б.). в) Шарттылықпен қолданылатын сөздер. Мысалы,
 
пысық
сөзі ертеректе ешқандай эмоциялық бояусыз қолданылған. 
Екінші топ: грамматикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер: а) 
-
қан, 
-
қай
кішірейткіш
-
еркелеткіш суффикстерді қолдану арқылы затқа 
немесе құбылысқа қоғамдық баға беру арқылы жасалған сөздер; ә) 
сөздердің кішірейткіш
-
еркелеткіш реңкті 
-
тай
жұрнағы арқылы жасал
-
ған сөздер; б)
-
еке, 
-
й, 
-
ша, 
-
ше


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет