Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет5/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19
5 сынып, 1
Жеңін қайырып сағатына қарады. 
Сегіз жарым... Әзиевке қарап әлдене деп ымдағандай болды. Әзиев те 
сабыр ет, дегендей ымдады (С. Мұртабеков).
 
Сөйлеу актісі белгілі бір фонациялық, ым, дене қимылы, көз әлпеті 
сияқты компоненттердің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Тілдік 
қарым
-
қатынас кезінде мұндай бейвербалды амал
-
тәсілдер айтушы 
қолданып отырған тілдік бірліктерге мағыналық реңк берумен қатар, 
адамның түрлі көңіл
-
күй жағдайын, эмоциясын, ой
-
пікірін жеткізуде 
тілдік құралдармен бірдей қызмет етеді. Сондықтан да тіл білімінде 
коммуникативтік акт вербалды және бейвербалды компоненттердің 
жиынтығы ретінде қарастырылады. Яғни, адамның түрлі сезімі тек 
оның айтқан сөзі арқылы ғана емес, көзінің қарасы, дауысының 
түрліше құбылуы, қолының, басқа да дене мүшелерінің қимылы т.б. 
арқылы да көрінеді. Бұл сезімдік құбылыстардың бәрі тілдің түрлі 
құралдары мен әдіс
-
тәсілдері арқылы бейнеленеді, беріледі. Енді 
адамның дауысы, көзі, қимылы сияқты бейвербалды элементтердің 
сезім білдірушілік қызметіне қысқаша тоқталайық. 
Интонаця мен сөйлеу дыбыстарының адамдардың бір
-
бірімен 
қарым
-
қатынас жасауында атқаратын қызметі ерекше. Тілдік қатынас
-
тың ауызша түрі сөйлеу арқылы іске асады. С. Мырзабеков: «Сөйлеу –
іштегі ойды дыбыс арқылы сыртқа шығару, айту. Бұл –
адамзатпен 
бірге жасасып келе жатқан ең көне, ең негізгі қару», –
деп жазады [8, 
3]. 
Құлаққа естілетін үннің айтылу мәнерінің эмоция білдірушілік 
қызметі зор. Сөздің айтылу интонациясына қарап, ол сөздің қандай 
эмоциямен айтылып тұрғандығын айыру қиын емес. Бұл –
ішкі 
сезімнің адам үніндегі бейнесі. Интонация тонының (тональность) 
адамдардың қарым
-
қатынасында үлкен орын алатыны мәлім. М. 
Мағауинның шығармасынан алынған үзіндіге назар аударайық: 
«Бұл 
кезде мен әбден есімді жиып алған едім. –
 
Отағасы, –
 
дедім.
Дауысыма қажетті тон бере алмасам керек, үнім айбарсыз шықты. 

 
Сіздің мұныңыз жарамады. –
 
Бұдан ары тығылып сөз таба алмай, 
қалтамды қармалай бастадым. Отағасының бет
-
аузы тыржиып 
кетті»
(М. Мағауин).
Ғалымдар интонацияны дыбыстан бұрын пайда 
болған деп есептейді [9, 105]. 
«Интонацияның адамдардың қарым
-
қатынасындағы ең алғашқы 
құрал екендігін онтогенез көрсеткіштері де дәлелдей түседі. Мысалы, 
бесіктегі сәбилер алдымен уілдеуден бастап қана қоймай, сөз мағына
-
сын түсінбесе де, анасының дауыс ырғағын, сөздің интонациясын ұға 
бастайды, соған сәйкес әрекет жасайды. Оған біреу қатты сөйлесе, 
иегін кемсеңдетіп жылай бастайды, ал енді біреу жағымды дауыспен 


10 
«агу
-
агу», «кіш
-
кіш» десе және сол сияқты анасының еркелеткен 
сөздерін естіп, олардың мағынасын ұқпаса да, көздерін жаутаңдатып, 
езу тартып күледі» [9, 105].
 
Интонация сөйлеу мазмұнымен тығыз 
байланысты. Үннің жоғары/төмен шығуының, сөздің жылдам/баяу 
айтылуының үлкен мәні бар. Төмендегі мысалдардан дауыстың 
түрліше құбылуының тілдік құралдар арқылы бейнеленуін, олардың 
адам эмоциясын білдірудегі
қызметін байқауға болады.
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет