5
1
ЭМОЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Эмоция –
адамның жан
-
дүниесінің аса қуатты көріністерінің бірі.
Тіл қатынас
құралы қызметін атқарып, ойды жарыққа шығарып қана
қоймайды, сонымен бірге адамның әрқилы көңіл толқындары мен жан
тебіреністерін білдіруші, бағалаушы, бейнелеуші қызметтерін де атқа
-
рады. Адамның жан дүниесіндегі жақсы көру мен жек көру, ашулану
мен рақат сезімге бөлену, қуану мен қайғыру,
таңдану мен абыржу
сияқты құбылыстар тіл арқылы сыртқа шығады. Зерттеу жұмысының
бұл бөлімінде
эмоция деген не?
деген сұраққа тіл білімі мен филосо
-
фия, психология, физиология, әлеуметтану, педагогика т.б. ғылымдар
-
дағы эмоциятануға қатысты жинақталған тәжірибе негізінде жауап
беріледі. Себебі эмоция –
психологиялық
категория, ал лингвистика
оның тіл арқылы қалай берілетіндігі туралы мәселені қарастырады.
Эмоцияның физиологиялық көрінісі, өзіндік ішкі түрлері, қасиеттері
бар. Олардың тілдегі көрінісі де әр түрлі. Тарауда эмоцияның түрлі
ерекшеліктеріне байланысты топтастырылуы және олардың тілдік
құралдар арқылы берілу мәселесі де сөз болады.
Қазақ тіл білімінде эмоционалдылық
белгілі бір құбылыс ретінде
танылса да, терең зерттеле қоймаған, ашылмаған, анықталмаған қыр
-
лары әлі де көп мәселе болып табылады. М. Жұмабаев: «Психология»
деген сөз жан туралы ілім. Жан бар. Барлығы сол, оның істері көрініс
-
тері бар. Ақша қарда жосылып жатқан айқын ізге түссек, алдымызда
аңның барлығына күмән қыламыз ба? Бұ да сол сықылды, жалғыз
-
ақ,
айырма мынау –
ізіне түсіп
зерттеп отырып, адамзат аңды баяғыдан
бері соғып келсе де, жанға жете алған жоқ»,
–
деп жазады [1,
77
]. Адам
жан дүниесінің сан қатпарлы сырының бірі болып табылатын эмоция
құбылысының мәнін, қасиетін, түрін, ерекшелігін, оны көрсететін тіл
-
дік құралдар мен тәсілдердің сипатын анықтау да күрделі мәселелердің
бірі.
Бұл тарауда қазақ тіл
білімінде эмоционалдылық қай деңгейде,
қалай
қарастырылды, қандай еңбектерде айтылады, қандай арнайы
зерттеулер жүргізілді деген мәселе де сөз болады. Ғалымдардың
6
пайымдауынша эмоцияның тек лингвистикалық қана емес,
психоло
-
гиялық, физиологиялық қырлары да әлі толық ашылып бітпеген, тео
-
риясы әлі де нақтылауды қажет етеді, сондықтан оның лингвисти
-
калық сипатын таныту да оңай болмаса керек. Эмоцияның басқа
ғылым саларындағы көрінісі қандай, эмоцияның физиологиялық ерек
-
шелігін, яғни, ағзаның жүйке,
тыныс алу, эндокриндік жүйелеріне,
дыбыстау, көру мүшелеріне әсері тіл арқылы қалай бейнеленеді деген
мәселелер де назардын тыс қалмайды.
Қазақ тіл білімімен салыстыра қарағанда эмоцияның тілдік сипа
-
тына қатысты жүргізілген зерттеулердің біршама екендігіне қарамас
-
тан, орыс тіл білімінде де бұл даулы аспектілері көп құбылыстардың
бірінен саналады. Эмоционалдылыққа қатысты эмоционалдылық пен
экспрессивтілікті, эмоционалдылық пен бағалауыштықты, эмоционал
-
дылық пен қарқындылықты, эмоционалдылық
пен бейнеліліктің
арақатынасы; эмоционалдылықтың
тілдің стильдік қатпарларына
қатыстылы т.б. пікір қайшылығы бар мәселелер ретінде атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: