Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет4/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19
5 сынып, 1
1.1
 
Тілдің сезімді жеткізудегі рөлі
«Тіл дегеніміз не?» деген сұраққа берілетін жауап көп және олар 
алуан түрлі. Себебі адам баласының дыбыстық тілі сан қырлы, күрделі 
құбылыс болып есептеледі. А. Байтұрсынов: «Тілдің міндеті –
ақыл
-
дың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің 
түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы 
табылса, тіл шама қадарынша жарайды», –
деп жазады [2, 141]. Тілге 
берілген анықтамалар сан түрлі болғанымен оларды тілдің негізгі екі 
сипатына қарай топтастыруға болады. Олардың біріншісі тілді қарым
-
қатынас құралы ретінде тани отырып берілген анықтамалар: «Тіл –
ойдың дыбыстық көрінісі» (А. Шлейхер), «Тіл –
ойдың формасы» (А. 
Потебня), «Тіл –
ой
-
сананың сыртқы көрсеткіші» (Г. Гегель), «Тіл –
ойдың тікелей шындығы, ойды қалыптастыратын, жарыққа шығаратын 
құрал» (К. Маркс), ал екіншісі тілді таңбалар жүйесі ретінде, яғни 
семиотикалық жүйе ретінде тани отырып берілген анықтамалар: «Тіл –
адам қатынасының аса маңызды құралы» (В.И. Ленин), «Тіл –
идеяны 
білдіретін таңбалар жүйесі» (Ф.де Сессюр), «Тіл –
шартты таңбалар 
жүйесі»
(Г. Эббингхаус), «Тіл –
семиотикалық жүйе» (С.К. Шаумян) 
т.б. Тіл атқаратын қызметі тұрғысынан алғанда ойды жеткізуші, 
қарым
-
қатынас құралы, ал құрылымдық белгісі жағынан алғанда 
таңбалар жүйесі болып табылады. 
Жоғарыда тіл ұғымына берілген анықтамалардан тілді ойдың 
көрінісі ретінде бағалаушы ғалымдардың тілдің экспрессивтік қыз
-



метін, ал тілді таңбалар жүйесі ретінде бағалаушы ғалымдардың тілдің 
құрылымдық сипатын басшылыққа алғандығын байқауға болады. 
Адамзат қоғамындағы тілдің қолданысы, рөлі 
тіл қызметі
ұғымымен анықталады. Тілдің қызметі туралы сөз болғанда ғалымдар 
тарапынан негізгі қызметтердің бірі ретінде тілдің экспрессивтік 
қызметі аталатындығын бағамдауға болады. Мысалы, Р. Сыздықова 
«Тілдік норма және оның қалыптануы» атты еңбегінде: «Тіл тек 
қатынас құралы емес, ол эстетикалық та құрал. Тіл адамдарға бір
-
бірімен түсінісіп қою үшін ғана емес, әсемдік дүниені сезіну үшін де 
қажет, демек тіл арқылы бір
-
бірімізге жақсы әсер ету де көзделе
-
тіндіктен, экспрессиясы күшті сөздерді таңдау, сөйлемдерді әсерлі 
етіп құрастыру, яғни тілдік көріктеу құралдарын танып дұрыс жұмсау 
да тіл мәдениетінің бір пұшпағын құрайды. Ал бұлардың барлығын 
әңгіме ету тілдің лексикология, грамматика, фонетика, фонология 
салаларымен астарласып жатады, жазу таңбалары –
графикаға, жазу 
тәртіптеріне (орфографияға) назар аудартады
», 

деп жазады [3, 6]. М. 
Оразов: «Жалпы тіл коммуникативті қызмет атқарғанда тек айнала
-
сындағы дүние не сол дүниенің элементтерінің өзара қарым
-
қатынас
-
тары туралы хабар беріп қана қоймастан, сол болып жатқан құбылыс
-
тарға өзінің (сөйлеушінің) көзқарасын да білдіреді. Объективті дүние
-
дегі заттарды, олардың арасындағы қарым
-
қатынастарды білдіру, қай 
дәрежеде болмасын мағынамен байланысы бар тіл элементтерінің 
барлығына тән қасиет», –
деп жазады [4, 224 ]
 
Б. Қалиев тілдің экспрессивті қызметін оның қарым
-
қатынастық 
негізгі қызметінен туындаушы, оған тәуелді құбылыс ретінде қарас
-
тырады. Ол туралы «Жалпы тіл білімі» атты еңбегінде: «Қарым
-
қатынас құралы болу –
тілдің ең негізгі қызметі. Тілдің басқа қызмет
-
терінің барлығы оның осы негізгі қызметіне тәуелді.
Тілдік бірліктер 
(морфема, сөз, сөйлем т.б.) қатынас жасау қажеттілігінен туған. Тілдің 
мән
-
мағынасы, қасиеті, өзіндік сипаты –
оның коммуникативтік (қаты
-
нас құралы) қызметінде. Тілдің ойлаумен, қоғам өмірімен қарым
-
қатынасын да, өзіндік даму заңдылығын
да осы қызметінен іздеу 
керек. ...Тіл дегеніміз –
қатынас құралы, экспрессивтік қызмет атқа
-
рушы таңбалардың тарихи қылыптасқан жүйесі», –
дейді [5, 56].
 
«ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі» еңбегінің авторлары: «Әдеби 
тілдің қоғамдағы басты қызметі –
адамдар арасындағы қатынас құралы 
болу. Сондықтан жалпы тілге тән қасиет –
коммуникативтік қызмет 
әдеби тілге де тән. Әдеби тіл арқылы айтушының ойын, пікірін ұғамыз, 
сұрағанға жауап береміз. Әдеби тіл арқылы өзіміз көзбен көрмеген 
оқиға туралы мәлімет аламыз. ...Әдеби тіл коммуникативтік қызмет 
атқарып қана қоймайды. Әдеби тіл арқылы белгілі бір оқиғаны 



оқушыға жеткізіп қана қоймай, оқушының сезіміне де әсер етуге 
болады; ол әдеби тілдің екінші, экспрессивтік
-
эстетикалық қызметі 
болып саналады», –
деп жазады [
6, 27].
 
«Тіл –
өте күрделі, көп қырлы, сан сапалы құбылыс. Ең алдымен,
ол –
белгілі бір адамдар қауымында қарым
-
қатынас жасауды жүзеге 
асыру үшін табиғи жолмен пайда болған өзіндік ерекше көне таңбалар 
жүйесі. Тіл –
сонымен бір мезгілде адамдардың ойлау қабілетін іске 
асырушы, оны одан әрі дамытушы, ерік
-
жігерін, сезімін білдіруші, 
мәдени
-
тарихи дәстүрлерін ұрпақтан
-
ұрпаққа жеткізуші құрал» [7, 
413]. 
Яғни тіл өзінің қарым
-
қатынастық қызметінде тек ойды 
жеткізуші ғана емес, сонымен қатар эмоцияны да, сезімді де білдіретін 
құрал болып табылады. Тілдің қызметі тұрғысында жасалған қысқаша 
шолу тілдің сезім білдірушілік қызметі ғалымдар тарапынан кей 
жағдайда оның қарым
-
қатынас құралы ретіндегі қызметімен тең дәре
-
жеде қарастырылса, кей жағдайда қарым
-
қатынастық қызметінен 
кейінгі екінші қызметі ретінде қарастырылатындығын байқауға 
болады. Қалай болған күнде де тілдің сезім білдірушілік қызметінің 
рөлі өте үлкен екендігін байқауға болады, сондықтан да сезімді біл
-
дірудің тілдік құралдары мен жолдары да тіл біліміндегі ауқымы кең, 
жан
-
жақты қарастырып, зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі.
Тіл тілдік таңбалардың жүйесінен ғана тұрмайды. Тіл арқылы 
адамдар өз ойларын ғана жеткізбейді, көңіл
-
күйлерін, сөз болып отыр
-
ған жайға қатысты өздерінің көзқарасын, бағасын сөз, сөз тіркестері, 
сөйлемдер арқылы білдіріп отырады. Жұмсалым үстінде сөздің ауыс 
мағыналары, көпмағыналылығы туады. Грамматикалық формалар да 
өздерінің негізгі мағынасымен қоса қосымша реңк беру, қосымша 
мағына білдіру қызметтеріне ие болады. Яғни әр тілдің фонетикасы, 
лексикасы сол тілді қолданушы адамның ықпалында болады.
Эмоцияның тілдік теориясының
құрамдас бір бөлігі –
қарым
-
қатынастың бейвербалды амал
-
тәсілдері болып табылады. Сондықтан 
эмоция білдірушілік, бейнелеушілік қызмет атқаратын тілдік бірліктер 
мәтінде тілдік таңбалар арқылы берілген бейвербалды амал
-
тәсілдер
-
мен параллель қарастырылады. Бейвербалды амал
-
тәсілдердің көпші
-
лігі жалпыдамзаттық сипатта болғанымен олардың бірқатары әр ұлт
-
тың мәдениетімен, тарихымен, салт
-
дәстүр, дүниетанымымен тығыз 
байланыста болады. Бейвербалды амал
-
тәсілдер вербалды амал
-
тәсіл
-
дер сияқты әр адамның психологиясынан ғана емес, ұлт психоло
-
гиясынан да хабар береді. Коммуникативтік акт кезінде белгілі бір 
мазмұны бар ақпаратты тіл арқылы алмасу үрдісі іске асады. Әдетте 
қарым
-
қатынас жалаң түрде емес, тілдік қарым
-
қатынастың өту 
жағдайы мен орны, коммуниканттардың ым
-
ишараты, дене қалыптары 



мен қимыл
-
қозғалысы т.б. да компоненттердің қатар қызмет етуі 
арқылы қолданылады. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет