Қазақ тіліндегі эмоционалды



Pdf көрінісі
бет10/218
Дата08.11.2023
өлшемі57,39 Mb.
#190142
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   218
Байланысты:
Снимок экрана 2023—10—21 в 15.40.19

 
жұрнағы жалғану арқылы
 
еркелікті 
және кішіпейілдікті бере отырып жасалған сөздер;
в) 
-
сымақ
арқылы
жасалған сөздер. 
М. Белбаева «Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы» атты еңбегінде: 
«Жалпы халық тілінде адамдардың көңіл
-
күйі немесе белгілі бір затқа, 
құбылыстарға қатысты, оған қалай қарайтыны сияқты жағдайлармен 
байланысты түрлі көзқарасын білдіретін сөздері болады. Мысалы: 


17 
адал, арам, сұм, жауыз, ақын, шешен, көсем, лаң, дана
т.б. Мұндағы 
сөз қуаттылығы оның өз бойындағы мәні мен реңіне де байланысты. 
Себебі жеке сөздер де табиғатында әр алуан. Мысалы, жоғарыда 
көрсетілген сөздердің бірі –
кімді, нені болса да жай ғана атаса, екін
-
шісі сондай қызметімен бірге өз бойында ерекше бір әсерлілік барын 
аңғартып тұр. Міне сөздің семантикасына тән осындай қасиетті (әсер
-
лілікті) тілдегі эмоциялық, экспрессивтілік деп атаймыз. ...өз бойына 
адамның көңіл
-
күйін, ішкі сезімін білдіретін, қасиеті я жағымды, 
жағымсыз реакция туғыза алатын ерекшелігі бар сөздерді эмоциялық 
сөздер деп түсінуге тиіспіз», –
деп жазады [16, 78
-78].
 
«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» еңбегі
-
нің авторлары Ә. Болғанбаев пен Б. Қалиев: «Адамның сезіміне әсер 
ететін сөздер тобы экспрессивтік
-
эмоционалды лексика деп аталады, –
деп жазады
[11, 178]. Еңбек авторлары өздері экспрессивтік
-
эмоцио
-
налды лексика деп атап көрсетіп отырған сөздер тобын әр түрлі 
жолмен пайда болады деп атап көрсетеді: 1) ешбір қосымшасыз
-
ақ 
жеке тұрып эмоционалдық бояуға ие болып тұратын сөздер: 
масқара, 
әттең, тамаша, шіркін, сабаз, марқұм, мыстан, сайқал 
т.б. 2) белгілі 
бір текст ішінде эмоционалдық бояуға ие болатын сөздер; 3) морфо
-
логиялық жолмен пайда болған эмоционалды сөздер: 
ағатай, ағажан, 
інішек, балақай
т.б.
М. Қараев «Қазақ тілі» атты оқу құралында: «Қазіргі қазақ тілінде, 
басқа тілдердегі сияқты, сөйлеушінің бір затқа немесе құбылысқа 
эмоционалдық көзқарасын білдіретін көптеген сөздер бар. Бұл катего
-
риядағы сөздерді тіл ғылымында эмоционалдық лексика немесе эмо
-
ционалдық мәні бар сөздер дейді. Сөйлеуші 
орман, көл, үй, алыс, бес, 
ол
т.б. сөздерді айтқанда, бұл заттардың атауында ешқандай 
эмоционалдық мән болмайды», –
деп
жазады [17, 66]. 
«...Ал кейбір сөздерде құбылыстардың атауларында жақсы немесе 
жаман қатынасты, психологиялық күйді көрсететін реңктер болады. 
Мысалы, 
айналайын, оңбаған 
дегендер тек белгілі бір тиянақталған 
тұрақты мағынадағы сөздер ғана емес, сонымен бірге сөйлеушінің ой
-
күйін де білдіреді. Егерде бұл сөздер белгілі бір тіркестегі сөздермен 
қолданылса, онда оның эмоционалдық мәні айқындала түседі» [17, 66]. 
М. Қараев өз еңбегінде эмоционалдық мәні бар сөздерді төрт топқа 
бөліп қарастырады. Олар: «1. Жеке тұрып эмоциялық мәнді білдіретін 
сөздер: мысалы: 
масқара, сұмдық, алақай,
т.б. ( 

 
Масқара
-
ай, сұмдық 
қой бұларың, –
деді ол.

 
Айт мынауыңды, балақай
(М. Им.). 2. Тілі
-
міздегі 
ескішілдік, жатыпішер
дегендер қоғамдық қарым
-
қатынаста 
қалыптасқан экспрессивтік мәнді сөздер. 3. Заттың эмоционалдық 
бағасын кішірейту я еркелету, жек көруге байланысты жұрнақтар 


18 
арқылы жасалады: Мысалы: 
үй 
деген түбірге
-
шік
жұрнағын қосып, 
мынауың үй емес, үйшік қой
десек, 
үйшік 
деген туынды сөз 
сөйлеушінің үйді кемітетінін байқатады. 4. Сөздің соңында шылау мен 
жұрнақтың аралығында жүретін, жек көру, кемсіту мағынасын беретін 
сымақ 
демеулік шылауы қосылған сөздер де эмоционалды мәнге 
жатады. 
Мұнда нағыз адамдар да бар, адам сымақтар да бар т.б.
» 
[17, 67]. 
Шолу жасалған еңбектерде эмоционалдылық пен экспрессивтілік 
мәселелері шамамен бір
-
екі бет көлемінде ғана сөз болады. Себебі 
авторлардың негізгі мақсаты арнайы зерттеу емес, оқулықта айтыла
-
тын басқа да көптеген мәселелердің қатарында эмоционалдылық пен 
экспрессивтілік туралы ақпарат, анықтама беру, оқушыға түсінікті 
болуы үшін мысалдар келтіру. І. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаевтың 
«сөйлеушінің бір затқа не құбылысқа эмоциялық көзқарасын білдіре
-
тін сөздерді эмоциялық лексика» деп,
М. Белбаеваның «адамның 
көңіл
-
күйін, ішкі сезімін
білдіретін, қасиеті я жағымды, жағымсыз 
реакция туғыза алатын ерекшелігі бар сөздерді эмоциялық сөздер» 
деп, 
Ә. Болғанбаев пен Б. Қалиевтың «Адамның сезіміне әсер ететін 
сөздер тобын экспрессивтік
-
эмоционалды лексика деп», М. Қараевтың 
«сөйлеушінің бір затқа немесе құбылысқа эмоционалдық көзқарасын 
білдіретін көптеген сөздерді эмоционалдық лексика немесе эмоцио
-
налдық мәні бар сөздер» деп қарастыруынан эмоционалды сөздерге 
берілген анықтамалардың мазмұндас екендігін, еңбектерде аталған 
мәселеге байланысты берілген тақырыптарда «Эмоционалды
-
экспрес
-
сивті сөздер» деп бірге алынғанымен ғалымдардың дені эмоциялық 
лексиканы экспрессивтіліктен бөліп көрсетіп отырғандығын байқауға 
болады. Екінші бір назар аударатын мәселе М. Қараев,
 
Ә. Болғанбаев 
пен Б. Қалиев
 
экспрессивтік
-
эмоционалды лексика 
терминін қолданса
,
М. Белбаева, І. Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаев 
эмоциональды
-
экспрессивті
деп қолданады. Осы жерде «Эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің 
қайсысы бірінші? Қайсысы екінші деңгейде? Әлде екеуі синонимдес 
ұғымдар ма, жоқ әрқайсысы өз алдына бөлек ұғымды білдіретін тер
-
миндер ме? Олай болса олардың ара жігін ашудың қандай критерий
-
лері бар? Эмоционалдылық бар жерде үнемі экспрессивтілік те бар 
ма? Экспрессивтілік бар жерде үнемі эмоционалдылық бар ма

Эмоционалды сөздер экспрессивті сөздердің негізінде пайда болды 
ма?»

 
деген сұрақтар туындайды. Бұл мәселелер туралы орыс тіл 
білімінде де, қазақ тіл білімінде де ғалымдардың пікірі әр түрлі. Тіпті 
кейбірі бір
-
біріне мүлде қарама
-
қайшы. 


19 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   218




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет