23
семантикалық
аспектіде талданып, орыс тіліндегі баламаларымен
салыстыралады. Зерттеуші «қазақ тілінде де орыс тілінде де «таңдану /
удивление» эмоционалды жағдайдың субъектіге де объектіге қатысын
білдіретіндігін», «сүю / любить» сөзінің екі тілде де көпмағыналы»
екендігін атап өтеді [20, 79].
А.Ғ. Сембаеваның зерттеу жұмысында сөйлеу тіліндегі эмоцио
-
налды
-
экспрессивті лексиканың ерекшеліктері және олардың О.
Бөкеев туындыларында қолданылуы туралы айтылады.
Публицистика тілі барынша стандартты болып келеді десек те,
эмоционалдылықты білдірудің түрлі тілдік құралдары мен тәсілдері
публицистикада да қолданылады. Қазіргі қазақ публицистикасындағы
тілдік құралдардың экспрессивтілігін зерттеу мақсатында жазылған
алғашқы
ғылыми
-
зерттеу жұмысы –
А. А. Мұсабекованың «Қазіргі
қазақ публицистикасында экспрессия мен эмоцияны білдірудің тілдік
құралдары» деп аталатын кандидаттық диссертациясы. Еңбекте 2000
-
2002 жылдар аралығында республикалық «Егемен Қазақстан», «Қазақ
әдебиеті», «Жас алаш» басылымдары бетінде жарық көрген Ш.
Мұртаза, К. Смайылов, Ә. Кекілбаев, Қ. Мырза Әли, С. Байхонов, Ә.
Меңдеке т.б. жазушы
-
публицистердің көркем публицистикалық
шығармаларындағы экспрессия мен эмоцияны білдіру мақсатында
қолданылған тілдік құралдар зерттеу нысаны ретінде алынады.
Автор: «Жазушы
-
публицистердің сөйлеу тіліндегі қарапайым
тұрмыстық сөздерді, бейпіл сөздер мен
варваризмдерді көбірек қол
-
дануы шығармалардың эмоционалдық мәнін арттыра түседі. Жазушы
-
ның стильдік шеберлігіне орай пайда болған әр түрлі авторлық
қолданыстар публицистикалық шығармаларда да оптималды тілдік
құрылым жасай отырып, олардың экспрессивті
-
эмоционалды мағына
-
сын қоюлата түседі. Потенциал және оккозионал сөздерді, сентенция
мен парцеляцияны авторлық эмоцияны
білдіру мақсатымен орынды
қолдану, лирикалық шегіністер мен синонимиялық вариант сөздердің
ситуацияға орай түрлі стильдік реңкте қолданылуы ой эмоционал
-
дығын бейнелеудің ұтымды үлгілерін көрсетеді», –
деп жазады [21,
128].
Б.С. Жонкешовтың «Эмоционалды бірліктердің тілдік табиғаты
(семантика, сөзжасам, фоносемантика)» атты кандидаттық диссерта
-
циясында
қазақ тіліндегі эмоционалды сөздер лексикалық,
сөзжасам
-
дық және дыбыстық негізде қарастырылады. Эмоционалды сөздердің
лексикалық ерекшелігін сипаттай келе еркелету мәнінде қолданыл
-
атын эмоционалды сөздерді іштей төрт топқа бөледі: 1) бір нәрсеге
теңеу арқылы еркелете қолданылатын эмоционалды сөздер (
Достарыңызбен бөлісу: