Қазақстан білім және ғылым министрлігі



бет110/126
Дата07.02.2022
өлшемі363,12 Kb.
#97329
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   126
Байланысты:
бизнесті ұйымдастыру лекции на каз (1)

13-14 АПТА


Тақырып11. Бизнес тиімділігін талдау мен бағалау
1. Экономикалық талдаудың негізгі мақстаттары мен міндеттері. өндіріс шығындарын талдау. Өткізу нарығында өнімдерді талдау. Кәсіпкерлік қызметте бәсекелестік табысты талдау.
2. Қызмет қорытындыларын талдау – активтердің табыстылығы мен айналымдылығын талдау, төлем қабілеттілікті және өтімділікті талдау.
3. Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін бағалау. Кәсіпкерлік қызмет тиімділігінің әдістемесі.


Талдау - бұл зерттелетің нысанды бөліктерге бөліп қарауды білдіреді, соның ішінде осы нысанның өзіне тән құрамын ғана қарастырады.
Талдау диалектикада синтез ұғымына қарама-қарсы бірлікте болады, ал соның ішінде зерттелетін нысанның ерте бөлінген элементтерін, бір-бірлікке қосуы синтез болып табылады.
Талдау экономика теориясында кең ұғымда қолданылады; ал кәсіпқой -экономикалық талдау қаржы шаруашылық іскерлігінде және оған сәйкес келетін салаларда: өндірісте, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, саудада және тағы басқаларында.
Кәсіпкерлік қызметті талдау барысында, оның нәтижелерін зерттеу түсіндіріледі, соның ішінде бизнестің тиімді және болашақты даму жолындағы келеңсіз жағдайларды анықтау мақсатында да қолданылады.
Талдаудың басты мақсаты - кәсіпкерлік қызметтің тиімді-
лігі, ұйымда, инвестицияда, технологияда және әр түрлі қыз-
меттің аспектілеріндегі болашақтың дамуын қамтамасыз етуге тигізетін септігі болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті талдаудың келесі түрлері кездеседі:
 оперативті және жылдық (стратегиялық);
 кешендік және тақырыптық;
 жалпы және таңдамалы.
Оперативтік талдаудың жылдықтан айырмашылығы, ол қысқа кезеңдерге бөлінеді (ай, тоқсан, жарты жыл).
Оның бағыты - кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтау, сәттіліктер мен қатердің туу мүмкіндігін айқындауға негізделеді.
Жылдық талдаудың бағыты - кәсіпорын қызметі нәтижесінің бағасына негізделеді, басқару ресурстарының тиімді құралдарына қызмет етеді, сонымен бірге өнімнің сапасын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет