Алып тастау әдісі базистік есеп беру көрсеткішінің жеке түрдегі ауысуын бекітуде пайдаланылады. Мұндай жағдайда қалған көрсеткіштер өзгеріссіз күйде қалады. Бұл әдіс жекелеген факторлардың қаржылық көрсеткіштің жиынтығына тигізген әсерін анықтау мүмкіндігін береді.
Құрамдық көрсеткіштерді ажырату әдісі өндірістегі өнімдердің шығыны бойынша кеткен шығынның жеке түрлері өзгеруінің себептерін зерттейді.
Экономика - математикалық әдісі күрделі экономикалық көріністерді зерттеуде, келісілген түрдегі көптеген факторларды зерттейді. Мұнда әр түрлі мақсаттар бойынша жетістікке жету үшін әр түрлі жолдармен жүруге тура келеді. Сондықтан экономика-математикалық әдістер ең тиімді және оңтайлы нұсқа түріндегі ресурстарды пайдалануды ұсынады.
Талдау жүргізудің тәртібі кәсіпкерлік қызметтің ерекшілігіне қатысты, соның ішінде қойылған мақсатқа және сарапталған нақты материалға қатысты жүргізіледі.