ЖҰӨ-нің дефляторы - баға индексі, тауарлар қоржынының нақты бағасының базистік бағаға қатынасы болып есептеледі, тұтынушылық және инвестициялық тауарлар бағаларының өзгерістері есепке алынады.
Импорт- тауарларды , капиталдарды бағалы қағаздарды көрсетілетін қызметтерді жұмыс күшін басқа да материалдық құндылықтарды елдің ішкі рыногін өткізу үшін шетелден әкелу.
Инвестор - инвестициялық жобаларға меншікті қаражатымен қарыз қаражатын салушы бағалы қағаздарды өз атына және өз есебінен сатып алушы заңды және жеке тұлға. Инфляция - айналыстағы қағаз ақшаның құнсыздануы, валютаның сатып алу жарамдылығының құлдырауы.
Импорт - басқа елдерден алынатын тауарлар мен қызметтердің жиынтығы. Инвестициялар капитал қорын толықтыру үшін кәсіпкерлер алатын тауарлардың құны. Инвестициялау пайдадан және басқа табыстардан жинақталған қаражаттар есебінен қолданудағы капитал көлемінің өсуі.