136
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
баланың олардың мектептерінен басқа мектепке
ауысуы туралы нақты мәлімдеген.
«Баланы Комиссия ауыстырды (себебі ол мектеп
аумағында басқа баламен төбелесіп, оның жағын
сындырған), бірақ өз еркімен емес» [38].
«Бір бала қаладан ауысып келді, себебі қалада
оқи алмаған. Басқа балалар оған тыныштық
берген соң, ата-анасы оны бізге аударуға шешім
қабылдаған» [36].
«Иә, егер баланың оқу үлгірімі төмен болса, біз
оны түзету мектептеріне ауыстырамыз және
балаға көмек көрсету үшін біз мұны бастауыш
мектептен бастап істейміз» [17].
«Инспектордың тізімінде бір оқушы бар, бірақ
бұл оқушы кешкі мектепке ауысып кетті» [24].
Сонымен қатар тек үш мектеп директоры өткен
жылы зорлық-зомбылық салдарынан баланы
басқа мектепке ауыстыру туралы мәлімдегенмен,
мектептегі зорлық-зомбылыққа байланысты
баланы басқа мектепке ауыстыру туралы 40
мектептің ішінде 15 мектептің 23 мұғалімі мен
мамандандырылған қызметкері хабарлаған
(4-тарауды қараңыз). Бұған қоса мектептегі
зорлық-зомбылық салдарынан бала мектепті
тастап кеткен оқиғаның болғандығы туралы
ешбір директор хабарламаса да, 40 мектептің 3
мұғалімі осындай оқиғаның орын алғандығы ту-
ралы мәлімдеген (4-тарауды қараңыз).
Мектептегі зорлық-зомбылық
мәселелері бойынша курстар/оқулар
Сұхбат мектептегі зорлық және балаға қатысты
зорлық-зомбылық мәселелері бойынша мектеп
директорлары мен олардың қызметкерлері оқи
алатын арнайы курстар/оқулар туралы ақпарат
жинақтау мақсатында әзірленді. 5.16-кесте
көрсеткендей, мектеп директорларының 80,0%-
ы қызметкерлерінің бала құқығы мен баланы
қорғау жөніндегі оқудан өткендігін мәлімдеген;
алайда директорлардың тек 25,0%-ы осы
курстардың міндетті болғандығын көрсеткен.
Олар сондай-ақ бала құқығы бойынша оқу
ұзақтығы сегіз сағаттан аспағанын, балаларды
қорғау жөніндегі тренингтердің ұзақтығы бірден
төрт сағатқа дейін ауытқығанын мәлімдеген.
кейінгі бақылауы жүргізетіндігін мәлімдеген,
бұл баланың ахуалын қадағалау және зорлық-
зомбылықтың жалғасу қаупін тексеру үшін
жүргізіледі. Алайда сұхбат кезінде балалардың
басқа ұйымдарға/мекемелерге жіберілгеннен
кейінгі бақылауды қалай жүргізгендіктерін тек са-
наулы директор түсіндіре аған.
Көбінесе мектеп директорлары осал отбасылары-
нан және жоғары қауіпті отбасыларынан шыққан
балаларды бақылаған; алайда шындығында
мектептегі зорлық-зомбылық құрбаны болған ба-
ланы кейіннен бақыламаған. Дегенмен де, кейбір
мектеп директорлары мектеп психологтарының
баламен жұмыс жасап, олардың кейінгі
бақылауын жүргізетіндігін мәлімдеген.
Мектептен ауыстыру немесе шығару
Мектеп директорларына өткен жылы болған
баланы басқа мектепке ауыстыру немесе
баланың мектепті тастап кетуіне себепші болған
зорлық-зомбылық оқиғалары туралы сұрақ
қойылды. 5.15-кесте көрсеткендей, мектеп
директорларының көпшілігі (92,5%-ы) баланың
басқа мектепке ауысуына не мектепті тастап
кетуіне әкелген қандай да бір зорлық-зомбылық
оқиғасының болмағанын хабарлаған. Мектеп
директорларының тек 7,5%-ы зорлық-зомбылық
салдарынан баланың басқа мектепке ауысқанын
мойындаған. Бірақ бірде-бір директор өткен
жылы зорлық-зомбылық салдарынан баланының
мектепті тастап кетуі туралы мәлімдемеген.
Достарыңызбен бөлісу: