138
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
5.17-кесте. Мектептегі зорлық-
зомбылықпен күрес үшін балаларды қорғау
жүйесіндегі өзгерістер туралы хабардарлық
Толық іріктеме
N = 40
n
%
Жақында қабылданған
өзгерістер
туралы және
олардың мектептегі зорлық-
зомбылық оқиғаларына
мектептің араласуын/неме-
се анықтауын қаншалықты
жақсартқандығы туралы
хабардарлық
18
45,0%
«Бейнебақылау жүйесі ұлттық бірыңғай
тестілеуден екі апта бұрын орнатылды. Бұл - ба-
лаларды қорғаудың және келеңсіз жайттардың
алдын алудың ең жақсы тәсілі» [15].
Бірнеше мектеп директоры балалардың
мінез-құлқына, киім үлгісіне, құқықтары мен
міндеттеріне қатысты жазбалар,
ережелер
орнатқандығын мәлімдеген. Олардың пікірінше,
осы мектеп ережелері оқушылар көретіндей
және барлық оқушылар осы ережелерді міндетті
білетіндей көпшілік орынға ілінген.
«Мектеп ережелері бар. Олар вестибюльде есік
жанында ілулі тұр. Оны барлық оқушылар біледі.
Ережеде оқушыға қандай әрекетке рұқсат
берілмейтіні жазылған. Бұл ереже барлығына
бірдей, бірыңғай мектеп формасын көздейді.
Себебі мектеп формасы өте маңызды әрі
оқушылар бірдей болуы тиіс» [35].
зорлық-зомбылықты зерттеу (32,5%) және зар-
дап шеккен балалар мен зорлық-зомбылық
куәгерлерін сұрау (25,0%) бойынша курстар-
да оқыған. Алайда,
мектеп директорларының
аз бөлігі осы курстардың міндетті болғандығын
көрсеткен (тиісінше 7,5% және 5,0%),
курстардың ұзақтығы 1-3 сағат құраған.
Ақырында, 5.16-кесе көрсеткендей, мек-
теп директорларының 50,0%-ы өздері мен
қызметкерлерінің балаларға қатысты зорлық-
зомбылық оқиғалары туралы ақпараттандыру
бойынша оқудан өткендігін мәлімдесе, 40,0%-
ы балаларға қатысты зорлық-зомбылық
істерін жөнелту бойынша дайындықтан өткен,
45,0%-ы балаларға қатысты зорлық-зомбылық
оқиғаларын үйлестіру
жөніндегі оқуларда болған
және 47,5%-ы балаларға қатысты зорлық-
зомбылық жағдайында мониторинг пен кейінгі
бақылау даярлығынан өткен. Бірнеше мек-
теп директоры (12%-дан 17%-ға дейін) осы
курстардың міндетті болғандығын көрсеткен,
олардың ұзақтығы 1-3 сағат аралығында
ауытқыған.
Мектептегі зорлық-зомбылыққа
жауап айтару бойынша балаларды
қорғау жүйесіндегі өзгерістер
туралы хабардарлық
Мектеп директорларына жақында қабылданған
өзгерістер туралы және олардың мектептегі
зорлық-зомбылық
оқиғаларына мектептің
араласуын/немесе анықтауын қаншалықты
жақсартқандығы туралы сұрақ қойылды. 5.17-ке-
сте көрсеткендей, мектеп директорларының
45,0%-ы балаларды қорғау жүйесіндегі осындай
өзгерістер туралы хабардарлығын белгілеген.
Мектеп директорларының 12,5%-ы мұндай
өзгерістер туралы тіпті білмейтінін мәлімдеген.
Мектеп директорларына мәлім болған
өзгерістердің кең тарағандарының бірі бірқатар
мектептерде бейнекамералар орнату болған,
мұның өзінде бірнеше мектеп директоры өз
мектептерінде
бейнекамера орнатуға ниет
білдірген. Олардың пайымдауынша, бейне-
камералар баланың мінез-құлқын бақылауға
және үдеріс барысында зорлық-зомбылық
жағдайларын анықтап, мектеп мүлкін қорғауға
мүмкіндік береді. Бір директордың түсіндіруінше:
139
К
елесі ұсыныстар Қазақстан үкіметінің Бала құқықтары
туралы БҰҰ Конвенциясы (БҚК) шеңберіндегі адам
құқықтары саласындағы міндеттемелерін басшылыққа
алады және «Балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері
бойынша БҰҰ бүкіләлемдік баяндамасына» негізделеді. БҚК
балалардың білім алуға құқылы
екенін мойындайды және
балаларды «физикалық немесе психологиялық зорлық-
зомбылықтың барлық түрлерінен, сексуалдық тұрғыда
қанауды қоса есептегендегі қорлаудан немесе пайдаланудан,
қамқорлықтың жоқтығынан немесе немқұрайлы қараудан
қорғауды талап етеді» (19-бап) және «қатал, адамгершілікке
жатпайтын және намысты қорлайтын қарым-қатынас пен
зорлық-зомбылық түрлерінен (37-бап) қорғауды талап
етеді». Міндеттемелерді сақтау үшін үкімет «мектептегі тәртіп
баланың адамдық құндылығын құрметтеуді көрсететін және
осы Конвенцияға сәйкес тәсілдердің көмегімен қолдау тауып
отыратындай» барлық қажетті шараларды қолдануы керек
(28-бап). Сондай-ақ, барлық мектептердің кемсітушіліктің
жоқтығы, өз ойын жеткізу еркіндігі
және басқа оқушылар мен
қызметкерлер тарапынан қорлық және зорлық-зомбылықтың
басқа түрлерінен қорғау арқылы әрбір баланың құқығын
құрметтеуге шақыруы өте маңызды. Балалар құқықтары
комитеті балаларды зорлау мен кемсітушіліктің осындай
түрлерінен қорғай алмаушылық балаларды білім алу
құқығынан айыруы мүмкін деп санайды (1).
Достарыңызбен бөлісу: