107
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
мектеп мұғалімдері
мен мамандандырылған
қызметкерлер арасында айтарлықтай
айырмашылық байқатпады.
Мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлерге әдетте мектептегі зорлық-
зомбылық туралы кімге хабарлау керектігі тура-
лы сұрақ қойылды. Бұған қоса, олардан куәгер
болған соңғы жағдай туралы кімге мәлімдегені
туралы сұралды. 4.8-кесте көрсеткендей,
респонденттердің 76,9%-ы мектептегі зорлық-
зомбылық туралы мектеп директорына/
директордың орынбасарына жеткізілуі тиіс
деп есептесе де, тек 22,1%-ы
ғана мектептегі
зорлық-зомбылық туралы мектеп директорына/
директордың орынбасарына хабарлаған. Бұған
қоса, оқытушылар мен мамандандырылған
қызметкерлердің 70,8%-ы мектептегі зорлық-
зомбылық жағдайлары туралы мектеп психолог-
тары мен әлеуметтік педагогтерге жеткізу керек
деп санаса, тек 47,6%-ы куәгер болған соңғы
мектептегі зорлық-зомбылық жағдайы туралы
мектеп психологтары
мен әлеуметтік педагогтерге
мәлімдеген. Сонымен қатар 4.8-кесте
оқытушылар
мен мамандандырылған қызметкерлердің
59,4%-ы мектептегі зорлық-зомбылық туралы
ана-аналарды/қамқоршыларды ақпараттандыру
керек деп есептейді.
Мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлердің аз бөлігі зорлық жағдайында
мектеп мұғалімдеріне (33,9%), мектеп
күзетшілеріне/мектеп
полиция инспекторла-
рына (28,4%) және мектеп мейірбекелеріне
(25,2%) баяндау керек деп есептейді.
Шындығында, аздаған респонденттер өздері
куәгер болған зорлық-зомбылық жағдайлары
туралы мұғалімдерге (16,1%) және мектеп
күзетшілеріне/мектеп полиция инспекторларына
(12,2%) баяндаған.
Ақырында, 4.8-кесте көрсеткендей, оқытушылар
мен мамандандырылған қызметкерлердің тек
1,0%-ы мектептегі зорлық-зомбылық туралы
хабарлаудың қажеті жоқ деп есептесе де, 10,4%-
ы куәгер болған мектептегі зорлық-зомбылық
жағдайы туралы ешкімге жеткізбегенін көрсеткен.
Бұдан арғы талдау мектептегі зорлық-
зомбылық туралы ақпаратты ұсыну тұрғысынан
алғанда мұғалімдер мен мамандандырылған
қызметкерлер
құрамы арасындағы
елеусіз айырмашылықты анықтады; алай-
да мамандандырылған қызметкерлермен
салыстырғанда (53,3%) мұғалімдер (61,0%)
мектептегі зорлық-зомбылық туралы ата-аналар-
ды/қамқоршыларды жиірек ақпарландыру керек
деп есептейді. Бұған қоса, ер жынысты респон-
денттерге қарағанда (43,5%)
әйел жынысты ре-
спонденттер (61,8%) мектептегі зорлық туралы
ата-аналарға/қамқоршыларға хабарлау керек
деп санайды. Куәгер болған мектептегі зорлық
туралы кімге хабарлағаны тұрғысынан келер
болсақ, мамандармен салыстырғанда (40,8%)
мектеп мұғалімдері (49,2%) жиірек әлеуметтік пе-
дагогке немесе мектеп психологына хабарлаған.
Мамандандырылған қызметкерлер құрамына
қарағанда (7,7%) мектеп мұғалімдері (13,2%)
Достарыңызбен бөлісу: