64
Бұл ойындар оқу материалдарын жақсы түсінуге көмектесіп қана қоймай, әр түрлі сұрақтар төңірегінде терең
ойлануға,
оқушының ой өрсін дамытуға, танымдық іс әрекет белсенділігін арттыруға көп көмегін тигізеді. Тарихи
дидактикалық ойындардың маңызы жайлы айта келе, біз тарихты оқытудың ойын түріндегі жалғасының түрлерін
қарастырып отырмын.
Жеңімпаз, әсіресе 11-12 жастағы бала ойын барысында көп ұпай жинауға ғана ұмтылмай, жаңалықты көбірек білуге,
өзінің болжамдарының дұрыстығына көз жеткізуге, өзінің алған білімдерін толық ашуға және құрбы құрдастарының
алдында беделге ие болуға тырысады.
«Бұл қайдан келді?» ойыны
Адам баласының өмір сүруі үшін тамақ, киім, тұрғын үй, ауа қажет болса мұның бәрі түптеп
келгенде
планетамыздың жасыл желегі өсімдіктерден алынады. 500 мыңға жуық гүлді өсімдіктердің 2897 түрі тамаққа
қолданылады. Санкт- Петербургтағы өсімдік шаруашылығы институтында тек қана бидайдың 35 мың, арпаның 7 мың,
сұлының 14 мың мәдени сорттарының коллекциялары бар. Өсімдіктерден жасалмайтын зат жоқ десек қателеспейміз,
сондықтан өсімдік өмір тірегі екенін мұғалім мысал келтіріп дәлелдеп береді.
Ойынға қатысушыларға бидай ( астық тұқымдары, күріш, жүгері , мақта, қант қызылшасы,) күнбағыс, муляждар
немесе суреттер оқушыларға таратылып беріледі. Балалар астық тұқымдас өсімдіктерді қай елдің халықтары алғаш және
көбірек қолданатынын ашып көрсету керек, олардың отаны қай ел және бұларды қанша мың жыл бұрын пайдаланғанын
дәлелдеу керек.
Мұғалімге жеңілдеу болуы үшін астық тұқымдас өсімдіктердің отаны қай ел, алғаш рет пайдаланған елдер жайлы
мағұлматтар бере кетуді жөн көрдім:
Бидайдың отаны – Иран. Алғаш рет Оңтүстік Америкада 1528 ж, АҚШ та 1602ж, Канадада 1812 жылдары себіле
бастаған . Ғалымдардың айтуы бойынша бидай б.з дейін Иракта 6,5 мың жыл бұрын , көне Египетте 5-6 мың жыл,
Қытайда 5 мың жыл бұрын егілген.
Күрішті — Үнді, Бирма,Қытай,Корея; Вьетнам, Филиппин, Индонезия елдерінің халықтары көп қолданады.
Күріш көне дақылдың бірі болып саналады, осыдан 4-5 жыл бұрын Оңтүстік-Шығыс Азияда өсірілгендіктен отаны
сол жер болып саналады. Күрішті Африкаға бірінші болып Христофор Колумб әкелген.
Жүгері — дәнді дақылдардың ерекше орын алатын өкілі. Европаға жүгері сабағын әкелген Христофор Колумб.
Мақта да –өте көп таралған дақылдардың бірі. Индонезияда 4000 жыл бұрын өсіріліп келеді. Америкаға 1620 жылы
әкелінген. Мақтаның жабайы түрі Пәкістанда,Цейлон аралығында өседі.
Қант қызылшасы – жабайы тегі осы күнге дейін Жерорта теңізі мен Қара теңіз маңында өседі. Қызылшаның тамыр
жемісінде қанттың болатындығын бірінші рет 1747 жылы неміс оптенары Маркграф байқаған.
Қызылшаны Тигр,
Евфрат өзендерінің жағалауында тұратын халықтар б.э 2-1.5 мың жыл бұрын өсіре бастаған.
Күнбағыс –( күрделі гүлдер тұқымдас) майлы дақылдардың ішіндегі шаруашылыққа көбірек қолданылатын өсімдік,
отаны – Солтүстік Америка. Еуропаға 16 ғасырда әкелінді.
«Жас археологтарға тапсырма» ойыны
Сыныпта 4-6 адамнан тұратын топ құрып, оқушыларға төмендегі тапсырмалар беріледі.
«Археологтар» табытқа салынып жерленген тайпа адамдардың зиратын табады. Бұл табылған заттар нені
куәландырады? Бұл зираттың қай кезеңге жататынын ажыратуға бола ма? Дін пайда болған кез бе жоқ әлде дін шықпай
тұрған кез бе?
Ойыңды тұжырымда!
Сыныпты екі топқа бөліп, тарихи ойындарды ұйымдастыруға болады. 2-6 қатынасудан тұратын шағын топқа кіші
тарихи ойындар немесе бір тәлімгермен де ойын өткізуге болады. Бұлар картаға саяхат, хронологиялық , викториналық,
тарихи бас қатырғыш ойындар т.б.
«Үндемес» ойынын оқушыларға ұсынып көрелік. Географиялық картадан бір оқушы үндемей барып белгілі бір
пунктті немесе обьектіні көрсетеді, ал келесі бір оқушы үндемей ғана қолын көтеріп мұғалімнің келісімін алған соң ,
тақтаға жаңағының атын жазады. Тыныштықты бұзған оқушы ойыннан шығады.
«Тарихшы сөздігі» байқауы. Топтан тарихи терминнің мазмұнын ашып ,тарихи тұлғаға мінездеме беруі, оқиғаның
ерекшелігін ашып көрсету сұралады.
«Мюнхгаузеншілер байқауы»- балалар бір тарихи кезеңге байланысты қиын әңгіме ойластырып, «өтірікті шындай»-
әңгімелеу керек. Тыңдаушылардың міндеті сол әңгіменің ішіндегі шындыққа жанаспайды — ау деген кейбір сөздерді
тауып, әңгімеге баға береді.
Ойын
элементтерін пайдалана отырып, қорытынды қайталау сабағын өткізу.
« Б.з.б. 5-2 ғғ Ежелгі Грекия» сабағын өткізу туралы оқушыларға алдын-ала ескертіледі. Сабаққа дайындық кезінде
оқушылардан 3 топ құрылады . Әр топ жетекшілерін тағайындайды және топтың атын қояды.
Ежелгі Грекия өмірінен топ мүшелері шағын көрініс дайындайды. Ал, қарсылас топ мүшелері сол көріністегі
кейіпкерді атап, оқиғаның не туралы екенін атап көрсетеді. Әр дұрыс жауапқа 5 балл қойылады.
Сыныптан тыс оқылатын әдеби кітаптан шағын үзінді келтіріп, оны оқып беруге де болады. Топ мүшелері кітапты
және оның авторын атау керек.
Сабақ топты таныстырудан басталады. Оған 3 баллдық баға қойылады. Содан кейін викторина басталады. ( Әр бір
дұрыс жауапқа 1 балл) Сұрақтар көлемін мұғалім өзі қанша дайындаса да өз еркі.
Келесі турда « Капитандар байқауын» өткізуге болады. « Дұрыс жауабын тап» деген ойынды тест түрінде ме әлде
басқа түрде ме, оны мұғалімнің тапқырлығына қалдырайық.