79
Интербелсенді әдістер қолданылған сабақтарда сыныпты екі немесе үш, төрт ұялы топтарға бөліп, барлығына бірдей
бір тапсырма не әр ұялы топқа бөлек-бөлек тапсырма беруге болады.
Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар
сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар оқушылардың
білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын
барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят
(ситуация) кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-
қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады.
Бұл жаңартылған білім бағдарламасы оқушы үшін де , мұғалім үшін де тиімді бағдарлама. Мысалы: Брунер
оқытудағы маңызды тәжірибені дамыту бойынша бірнеше өте маңызды кеңестер ұсынды. Брунер теориясының
ажырамас бөлігі «Жаңалық ашу» және «Егер оқушыға бөліктерді бір жерге жинауға және өзін ашушы болуға рұқсат
етілсе, алынатын нәтижелер шынайы» деген ұғымдар болды. (1962) Оқытудың мұндай типінің артықшылығына төрт
аспектінің арасында; біріншіден, зияткерлік мүмкіндіктердің өсуі арқылы; екіншіден, сыртқы марапаттаудан ішкі
марапаттауға өту арқылы; үшіншіден, жаңалық ашу арқылы және соңғысы, жадыны дамыту үшін осындай
оқытудың тиімділігі арқылы қол жеткізіледі.
Осы кезде оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді. Басқаша айтсақ, оқушыға
бағдарланған оқыту ортасында мұғалім оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және
өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдарын жасауға қабілетті екенін түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу
материалын жалғастыратын «көпір салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын
да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың
қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.
Жалпы қорыта айтқанда, аталған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз,
баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді,
оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі
тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді
сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен
оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осы бағдарламаны меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы
айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.
Достарыңызбен бөлісу: