Сабақтың әдіс-тәсілі:
«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы, «Мозайка» әдісі, «Жұптасып – ойлан– бөліс» әдісі,
«Пирамида» әдісі , «Talk Partners», «Smiley Faces» әдістері.
Жұмыс түрлері:
жеке, жұптық, топтық.
Бағалау түрлері:
топ басшысының бағалауы, топтарды бағалау, смайликтермен бағалау, форматаивті бағалау.
Сабақ кезеңдері:
Кіріспе
І.Ұйымдастыру. 1)
Атмосфералық ынтымақтастықты қалыптастыру .
Тренинг «Орныңды жылдам ауыстыр!»
2минут
2) Топқа бөлу. «Мозайка»
әдісі арқылы 3 топқа бөлінеді.
1 минут
Жасырынған суретпен жұмыс.
-Балалар қима қағаздарыңның астында қандай суреттер жасырынған екен? Осы суреттер бойынша топқа бөлінеміз. 1- топ
«Бәйтерек», 2-топ «Ханшатыр», 3-топ “Думан” ойын-сауық кешені.
3) «Жұптасып – ойлан – бөліс»
әдісі арқылы әр қима қағаздағы сурет бойынша оқушылар ойланып әр қайсысы жеке
сөйлем жазады, оқушылар топта ақылдасып өздерінің ең үздік деген сөйлемдерін біріктіреді. Одан топтар бірігіп,
сыныппен бөліседі. Тақырып қояды.
Оқушылар жұмысында
«Астана»
мәтіні құрастырды. Жетекші сұрақтар өрбітіп, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен
байланыстырдық.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» видеоролигін көрсеттім.
7 минут
II. «Ой қозғау» 2 минут
-Балалар қалай ойлайсыңдар біздің құраған мәтіндеріміз неден құралды?
-Сөйлемнен.
-Өткен сабақта не өтіп едік?
-Мәтін.
– Өте дұрыс.
Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы:
«Сөйлем және мәтін»
Балалар дәптерлерін ашып, бүгінгі күннің жадысын, сабақтың тақырыбын жазады.
Көркем жазу.
Сс, Мм дыбыстары
III. Өткен сабақты пысықтау. 3 минут
«Қожанасырдың сиқырлы қоржыны»
арқылы балалардың
мәтін туралы білімдерін тексеремін . (Қоржында сендерге
жіберген Қожанасырдың тапсырмалары бар екен. Қоржындағы
сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
Мәтін дегеніміз не?
-Мәтіннің неше түрі бар?
-Әңгімелеу мәтіні дегеніміз не?
-Сипаттау мәтіні дегеніміз не?
-Пайымдау мәтіні дегеніміз не?
-Мәтін неден құралады?
-Мәтіндегі сөйлемдер қалай жазылады?
-Мәтінге не қоюға болады?
-Мәтіннің бөліктері қалай жазылады?
Достарыңызбен бөлісу: |