Пәнаралық байланыс
: қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі
Сабақтың барысы
: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: І. «Ой қозғау» әдісі.
1. Paint қандай редактор?
2. Paint графикалық редакторының терезе элементтерін ата
3. Салынған суретті қалай сақтаймыз?
4. Paint графикалық редакторының мүмкіндіктері
5. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
6. Сурет салу кезеңдері
7. Салынған суретті бір командамен қалай өшіреміз?
8. Мәтін енгізу құралы
Информатикалық диктант
Paint редакторында ........ құрал бар. Суретке мәтін енгізу үшін .......... құралын қолданамыз. Суреттің ізі бар көшірмесін алу
үшін ......... пернесін басамыз. Суреттің жеке көшірмесін алу үшін .......... пернесін қолданамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Ой толғау» әдісі. Нені білгіміз келеді?
Жаңа түсініктер. «Білгенге маржан»
Компьютер көмегімен мәтіндер мен құжаттарды және басқа да материалдарды шығарып алу үшін мәтіндік редакторлар
пайдаланылады., оның ішінде кең пайдаланып жүрген редактордың бірі- WordPad.
WordPad редакторы :
• мәтіндік құжаттарды құруға;
• оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен
алмастыру жүргізуге;
• мәтінді пішімдеуге- әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге;
• құжаттарды басып шығаруға арналған.
WordPad редакторын іске қосу
WordPad редакторын іске қосу үшін төмендегі амалдарды орындау керек:
Іске қосу Бағдарламалар Стандартты WordPad
Редактор терезесі мынадай элементтерден тұрады: тақырып жолы, мәзір жолы, құрал- жабдықтар тақтасы, пішімдеу
тақтасы, терезенің жұмыс аймағы, қалып- күй қатары.
WordPad – та құжат құру.
WordPad редакторында құжат жасау үшін төмендегі негізгі сатыларды орындау қажет:
1. Әріп және оның өлшемін таңдау.
2. Мәтінді енгізу, оны түзету.
3. Мәтінді пішімдеу.
4. Құжатты сақтау және ашу.
5. Баспаға беру.
Достарыңызбен бөлісу: