Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


ІІ. «Түсіну» сатысы Сараптамалық технологиясы «Зерделеу» бөлімі



Pdf көрінісі
бет19/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

ІІ. «Түсіну» сатысы Сараптамалық технологиясы «Зерделеу» бөлімі
І топ Тарихи деректер бойынша түсінік беру.
Александр Македонский Грецияның солтүстігіндегі Балқан түбегінде орналасқан Македония мемлекетінде б.з.б. 356-323
жылдарыөмір сүрген. Дүниедегі аса ірі қолбасшы және мемлекет қайраткері болған. Әкесі ІІ Филип Македониядағы бірінші
ірі мемлекет қайраткері. Әкесі дүниеден өткен соң 20 жасында таққа отырады. Ежелгі мемлекеттерді бағындырып, сақ
тайпаларын бағындыру үшін жасаған жарығы сәтсіз аяқталып, Үндістанға кетіп қалған. Б.з.б. 323 жылы Азия патшасы
атанған Александр Македонский дүниеден өткен.
Аристотель б.з.б. 384-322 жылдары өмір сүрген грек философы. Көптеген ғалымдардың, оның ішінде логика ғылымының
негізін қалаушы. Ол кейбір деректерде төрт жүзге, екінші деректерде мыңға тарта ғылыми еңбек жазғандығы көрсетілген.
Аристотель барлық ғылымнан философияны ең жоғары орынға қойған.
ІІ топ Әдеби дәйектер деректер бойынша түсінік беру.
Ескендірді Еурапа ақындарымен қоса, Шығыс ақындарының көбі жырлаған.Фирдоуси «Шығыснамасында», Низами
«Ескендірнама» дастанында, Жәми «Ескендірдің даналық кітабында» жазып, оның бейнесін данышпан, ақылды, батыр деп
15


ардақтап көрсеткен. Абай Ескендір дастанын өзінше жырлайды. Оның бейнесін озбыр, соғысқұмар, даңққұмар, дүниеқоңыз,
менмен, қатал, ақылсыз етіп суреттейді. Абай Аристотельдің философиялық тұжырымдарымен жақсы таныс болған.
«Ескендір» дастанында оның есімін ерекше құрметпен атайды. Әлемді жаулап алмақ болған тойымсыз патшаға берілген
құпия сүйектің сырын да, «Бұл адамның көз сүйегі. Тоя ма адам көзі мың мен санға?» дегізіп, Аристотельге шештіреді.
Абайдың суреттеуінше, Аристотель ғұлама ғалым, байсалды ақыл иесі.
ІІІ.
«Қолдану» сатысы І топ Әдеби- теориялық ұғымдар:
Теңеу: Дарияның суындай қандар ақты;
Таспадай бейне арықтан шыққан құлап;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет