Эпитет:
сар дала, мөлдір бұлақ, алтын қорған, жеміт көз, кәпір көз.
Синоним – қол, әскер; ел, халық; патша, хан.
ІІ топ Поэманың тәрбиелік мәні:
Жауыздыққа жетелейтін нәрсе кұншілдік, тойымсыздық, мансапқорлық, жаман
әдеттерден аулақ болып, иманды қанағатшыл болуға үндеу.
IV. «Талдау» сатысы
I топ Шығарманың композициялық құрылысына талдау
.
•
Басталуы: Филип патша қайтыс болған соң, Ескендірдің таққа отыруы.
•
Байланысуы: Әскер жиып, көрші елдерді жаулап алуы.
•
Дамуы: Елсіз шөлде қалып, жұмбақ бұлаққа кездесуі.
•
Шиеленісуі: Патшаның бұйрығы. Алтын қақпаға келуі.
•
Шарықтау шегі: Қақпаның ар жағынан алынған сый. Қу сүйектің таразыға түсуі.
•
Шешімі: Хакім Аристотельдің ақылы, жұмбақты шешуі.
•
Қорытынды: Өсиет сөз.
Өсиет - көпшілікке айтылатын уағыз, келелі кеңес түріндегі өлең. Адамдық парызбен міндетті, ерлікті-елдікті тұжырымдап
айту.
ІІ топ Өлең құрлысына талдау.
Ақылсыз // өзін мақтап // балжылайды, 11 -а
Бойыңа өлшеп // сөйлесең, // нең құлайды? 11 -а
Жақсы болсаң, // жарықты // кім көрмейді. 11 -б
Өз бағаңды // өзіңнен // кім сұрайды?! 11 -а
42 шумақты, 4 тармақты, 3 бунақты, 11-12 буынды, қара өлең ұйқасы.
V. «Жинақтау» сатысы Сараптамалық технологиясы «Түйіндеу» бөлімі
І топ. Ескендірдің әрекетіне қатысты мақал-мәтелдер айту.
ІІ топ. Аристотель әрекетіне қатысты мақал-мәтелдер айту.
VІ. «Бағалау» сатысы
І топ
Топтастыру әдісі арықылы Ескендірге, Аристотельге мінездеме беру.
ІІ топ Семантикалық кесте толтыру
Ү. Үйге тапсырма: Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы
“Рухани биіктік – ең жоғары қасиет” тақырыбында эссе жазу.
*****
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы
Б. Жұмалиев атындағы орта мектептің математика
пәні мұғалімі Құлмаханова Мөлдір
Достарыңызбен бөлісу: |