Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп география пәні мұғалімі Оспанғалиева Жаңылсын Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка материгіне саяхат
Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін тиянақтау, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу.
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін тиянақтау, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу
арқылы тақырыптарды тереңірек меңгерту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жете айта білуге, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан-жақты
ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту.
3) Тәрбиелік: Әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері: Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: өздік ізденіс жұмыс
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: Солтүстік Американың физикалық картасы, интерактивті тақта, слайд, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі . Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару.
ІІ. Қызығушылықты ояту. Солтүстік Америка материгін таныстыру.
Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін,
Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.
АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,
Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,
Макензи, Миссисипи суым қандай!
Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім,
Тамаша көрген адам таң қалғандай.
- Балалар, осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған?
(Солтүстік Америка) - Солтүстік Америка материгінің қандай ерекшеліктерін білеміз?
(Ерекшеліктерін атап интерактивті тақтаға «өрмекшінің торын» құрайды) Ең ұзын жер асты үңгірі –
Флинт-Мамонт Ұзын тау –
Кордильера Ең биік ағаш –
секвоя Ең үлкен арал –
Грнеландия Ең үлкен каньон –
Колорадо Ең үлкен тау мұздығы –
Аляска