Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет31/361
Дата15.11.2022
өлшемі8,73 Mb.
#158392
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   361
Байланысты:
12-d0bad0b8d182d0b0d0bf

7-тапсырма.
ХАЛҚЫ МЕН ЕЛДЕРІ
Солтүстік Америка материгінің төрт мемлекеті карточкада берілген қай топқа қай ел келеді сол елдің астанасын жазу және 
картадан көрсету.
22


Мемлекеттер
Астанасы
АҚШ
Вашингтон
Канада
Оттава
Мексика
Мехико
Панама
Панама
Бекіту тапсырмалары.
Әр топ бір-бірлерін тексереді. Дұрыс жауабы тақтада жазылып тұрады. 
Қорытындылау
 
-Бүгінгі саяхат-сабағымызда біз Солтүстік Американың ең биік Мак-Кинли шыңына жеттік. Шыңға шыққанда нені көрдік? 
Бағалау
Үйге тапсырма 
«Солтүстік Америка материгіне бір күндік саяхат» тақырыбында шағын шығарма жазу.
*****
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы
Б.Жұмалиев атындағы мектептің еңбек пәні мұғалімі Тумышева Гүлзия
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың зергерлік бұйымдары 11- сынып
Сабақтың мақсаты:
металл бұйымдары, оларды көркемдеу жолдары мен ерекшеліктері туралы мағұлмат беру, сабақ 
барысында оқушылардың шеберлігін, дүниетанымдарын кеңейту,оқушыларды қолөнерге, әсемдікке, сұлулыққа, 
адамгершілікке, халықтың қолөнерін қастерлеуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс –тәсілдері: сұрақ –жауап, сарамандық жұмыс.
Көрнекілігі: слайдтар , оқулық, суреттер, қолөнер бұйымдары 
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу,түгелдеу, сабаққа назарын аудару. 
Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ – жауап : Біздің технология пәнінен өтіліп жатқан бөліміміз қалай аталады? 
( Қазақтың ұлттық костюмі көркем ансмбль ретінде)
Ұлттық киім дегеніміз не?
2. Қазақтың ұлттық киімдерін сипатта?
3. Ұлттық киім дайындау үшін дәстүрлі материал?
4. Қазақ халқының әйел киімінің жиынтығы ?
5. Ерлер киімінің жиынтығы?
6. Қазақ әйелінің бас киімдері?
7. Ерлердің бас киімдері?
Сонымен біз «Қазақтың ұлттық костюмі көркем ансамбль ретінде» бөлімі бойынша білімізді әрі қарай кеңейтеміз. 
Бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Қазақтың зергерлік бұйымдары»
Жаңа сабақ Зергер сөзін естігенде қандай ойда боласыз? ( оқушыны тыңдау, тізім жасау )
2 слайд Жалпы адамзатты, оның ішінде жас жеткіншектерді сұлулық пен әсемдікке құштарлыққа, талғампаздық пен 
тазалыққа тәрбиелейтін өнер . 
3 слайд Зергер. Зер – парсының «алтын» деген сөзінен шыққан;
Кең мағынада «Алтынмен жұмыс істейтін шебер»
Қолынан шыққан бұйымы «алтынмен апталып, күміспен күптелген» 
4 слайд Қазақтың зергерлік өнері-өзінің сәнділігі мен әдемілігі бойынша ерекше өнер, ғасырлар бойы келе жаткан 
дәстүрлері мәдениетінің айрықша саласы.Бұл өнер қасиетті, игілікті іс болып саналған. Шебер зергер болу үшін 
табиғатынан ерекше дарындылығы болуы керек. Зергерлік өнердің құпиялары ұрпақтан-ұрпаққа, әкесінен баласына, 
ұстаз-тәлімгерден оқушысына жалғасып келеді.
5 слайд Қазақтың зергерлік өнері-өзінің сәнділігі мен әдемілігі бойынша ерекше өнер, ғасырлар бойы келе жаткан 
дәстүрлері мәдениетінің айрықша саласы.Бұл өнер қасиетті, игілікті іс болып саналған. Шебер зергер болу үшін 
табиғатынан ерекше дарындылығы болуы керек. Зергерлік өнердің құпиялары ұрпақтан-ұрпаққа, әкесінен баласына, 
ұстаз-тәлімгерден оқушысына жалғасып келеді.
6 слайд Зергердің құрал-саймандары: көрік, қысқыш,төс, сымтартқыш
7- слайд Әйелдерге арналған әшекейлер: кеуделеріне алқа,құлақтарына сырға, шаштарына шолпы,білектеріне білезік, 
саусақтарына жүзік таққан.
8- слайд Төске тағатын әшекей түрлері:түйреуіштер,тұмарлар,ілгешектер,күміс түймелер, гауһар тастардан тана
моншақтар.
9- слайд Шаштеңге, шолпы, шашбау: шынжырмен бірлескен және гауһар тастармен, күміс немесе шашақпен әшекейленеді
10- слайд СЫРҒА:айсырға,тас көзді сырға,күмбез сырға,салпыншақты,шашақты сырға, т.б
11- слайд Білезіктер:көне әшекей.Олар жеке және жұп болады.Білезіктер
дің атаулары олардың түрлеріне сәйкес болады.Сом білезік,жұмыр білезік,қақпақ білезік,сағат білезік
12-слайд Сақина:саусаққа киілетін әшекей жүзік. Жас қыздар өте нәзік құс тұмсық жүзік таққан.жас жұбайлар отау жүзік, 
құдағи жүзік, жималы жүзік,тасбақа жүзік,тб
13- слайд Белдік:ұлттық киімге ерекше әр беретін маңызды бұйымның бірі. Батырлар мен аңшылардың белдіктері құнды 
әшекейлермен ерекшеленеді.Екі қабат былғарыдан жасалған белдіктерге құс, аңдар,күн,айдың бейнелері 
салынған.Сонымен берге,белдіктерде қару және басқа да заттарға арналған аспа қалталар болған.
14 -слайд. Кесте: қазақ халқының бұрынғы және қазіргі кездегі қолданбалы өнерінің кең тараған және сүйікті өнері.
Қазақтың ұлттық кестесінің негізгі үш түрі бар, олар: бізкесте,баспа кесте, кенебе кесте,айқас кесте. Біз кесте өте 
күрделі,көп уақыт пен аса шеберлікті қажет етеді. Тұскиізді кестелеуге қолданады. 
Сарамандық жұмыс. Сәнді түйреуіш жасау.
23


Қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз: 
1. Жұмыс кезінде құралды (аспапты) мұғалім көрсеткендей ұста.
2. Пышақты немесе қайшыны жұмыс істегенде 
сол қолды олардың жүзінен алшақ ұста.
3. Пышақ немесе қайшының жүзін жоғары қаратып ұстама.
4. Жолдасыңа жабық қайшыны шеңберше жағымен , пышақты сап жағымен ұсын.
5. Инені шашпа және кез келген жерге тастама,матаға немесе киімге шанышпа. Ешқашан инені ауызға салма.
Керекті материалдар: Кез келген түсті моншақтар,жібек бау,мата қиындысы,ине,жіп, түйреуіш.
Орындау тәртібі: 1.Жібек бауды алып, гүлдеп бүкетеймізде ине жіппен бекітіп тігіп аламыз. 
2.Матадан сопақ пішінді етіп қиып алып,жібек баудан дайындап алған күлтемізді бекітеміз.
3.Матаға бекітілген күлтемізге моншақтарды бір-бірден тігеміз.
4.Дайын болған сәнді бұйымның түйреуіш қадаймыз артына. 
Бекіту: 
Тізімге оралу : Сіздер осы Жаңа сабақтың басында зергерлік туралы өз ойларыңызды жаздыңыздар. Жаңа тақырыптан кейін
қандай ойлар туындады. Тізімді толықтырайық. 
Сергіту сәті : Халықтық қолөнер туралы мақал – мәтелдер айту.
Қолөнерге, шеберлікке қатысты уақыт артық қалса сұрақтар қою. 
Домбыраны қандай әдіспен жасайды. ( ағашты шабу әдісімен )
Қазақ халқының күнделікті тұрмыста пайдаланылатын ағаштан жасалған бұйымдарын атаңдар: (сандық, асадал, ағаш төсек,
келі- келісап, тостаған, )
Ағашты бұйым жасауға таңдағанда оның қандай қасиеттерін ескеру керек? (физикалық, химиялық, механикалық) 
Бағалау. 
Үй жұмысы: § 8 Қазақтың зергерлік бұйымдары.
Зергерлік бұйымдар туралы : хабарламалар дайындау. 
o
Сақина Білезік Алқа Сырға Шолпы.
* * * * * ** *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   361




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет