Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі


Психологияның принциптері



бет5/16
Дата06.02.2022
өлшемі32,62 Kb.
#81519
түріАнкета
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-тапсырма(1)
Басқару психологиясы 1-тапсырма(1), Документ (1) (1), срсп-12апта. Педагогика
3.Психологияның принциптері
Детерминизм принципі– психика өмір сүру үлгісімен анықталып, өмір сүру үлгісі өзгерсе, ол да өзгереді дегенді білдіреді. Жануар психикасын – табиғи сұрыптау, адам санасының дамуын – қоғамдық даму заңдары, өндіріс әдісінің даму заңдары анықтайды.
Детерминизм психикалық және олардың мағынасы туралы сауалдармен байланысты. Психологиядағы детерминистік көзқарас диалектикалық-материалистік дүниетанымды меңгеру үрдісі кезінде дамыды. XX ғасырдың басындағы философиялық күресте детерми-низм мәселесі өзекті болды. Детерминистік көзқарас интропективтік әдістемені және оған сай психологиялық зеттеу ұғымдарын ығыстырды. Өзін-өзі бақылаудың объективтік әдіс ие болды. Объективтік әдіс – адамға не әсер ететінін анық білуге, осы әсерлер-ге сапалық және сандық сипат беруге, сыртқы реакцияларды, көріне-тін мінез құлықты тіркеуге, тітіркендіргіштерді салыстыруға мүмкіндік беретін психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру.
Детерминизм принципін жүзеге асырудағы басты кезең болып Выготскийдің тарихи-мәдени концепцияны жасау саналады. Бұл концепцияның мағынасы мынада: психикалық үрдістердің табиғи механизмдері адамның онтогенетикалық дамуы барысында тарихи-қоғамдық факторлардың ықпалынан, адамның басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында түрленеді. Қоршаған орта мен арақатынастар кезінде сыртқы дүниені қабыл-дайтын және оған қарсы тұратын саналы жай адам ғана емес, сонымен қатар объективтік шындықты белсенді қабылдатын және оны түрлендіретін, әрекет адам болатыны туралы идея детерминизм ұстанымын жүзеге асырудағы екінші кезең болды. Психикалық құбылыстардың қалыптасуындағы іс-әрекет рөлінің мағынасын С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтев және т.б. атап көрсеткен.
Детерминизм ұстанымы психологиялық теориясы мен тәжірибе-сінде тағы бір мәселені – психикалық дамуды, оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады.Іс-әркекет пен сана бірлігінің приципі
Сана мен әрекет ұғымдары – психология ғылымының негізгі дәрежелері. Бұл принцип 30-жылдары жүйелі түрде жасала бастады (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтев, Б.Г.Ананьев, Б.М.Теплов және т.б.).
Әрекеттің мінез құлықтың және сананың бірлігі туралы ережені алғаш рет Рубинштейн ұсынды. Ол былай деп жазды: “Әрекет пен сана – екі түрлі жаққа бағытталған аспектілер емес, олар теңдікті емес, бірлікті – органикалық біртұтастықты құрайды”. Бұл принцип маңызды әдістемелік мағынаға тез ие болды. Онда сананың іс-әрекетінсіз және іс-әрекеттің санадан тыс болуы мүмкін еместігі атап айтылды. Осылайша сананы әрекет арқылы зерттеуге мүмкіншілік пайда болып, сана мен психиканы объективті зерттеуге жол ашылды. Сонымен, сана мен әрекет бірлігінің принципі психологияның барлық объективтік әдістерінің негізі болды. Бұл принципті енгізу, әрекеттің құрамы мен құрылымын ашуда теориялық және әдіснамалық мәселелерді тудырды. Сана психологиясындағы “психика – бұл ішкі, ал әрекет сыртқы” деген көзқарасқа тойтарыс беру керек болды. Шынында да психика, сана іштегі бір нәрсе емес, сондай-ақ әрекетті де, тек қана сыртқы деуге болмайды: ол сыртқы түрде болады, бірақ оның бұл түрі әрекетті біркелкі сипаттамайды. Жеке адамның барлық психикалық ерекше-ліктері мен санасы әрекетте көрініп қана қоймай, сонда қалыптаста-сады: тұлғаның психикалық қасиеттері – оның мінез-құлқының нәтижесі, әрі алғы оның шарттары. Бұл сана мен әрекеттің бірлігін білдіреді. Сана мен әрекет бірлігінің приципі ғалаымдарға мінез-құ-лықты, әрекетті мақсатқа жеткізетін ішкі психологиялық мәханизм-дерді анықтауға, яғни психиканың объективтік заңдарын ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет