«Форма» түсінігі Латын сөзі «форма» тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нəрсенің құрылымы дегенді аңдатады



Дата14.12.2021
өлшемі206,09 Kb.
#126427
түріСабақ
Байланысты:
срсп-12апта. Педагогика
Басқару психологиясы 1-тапсырма(1), Басқару психологиясы 1-тапсырма(1), Документ (1) (1)

Сабақ оқытудың негізгі

формасы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Орындаған: Қалдыбаева Н

Тексерген: Сагиева А


«Форма» түсінігі

Латын сөзі «форма» тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нəрсенің құрылымы дегенді аңдатады.

Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады:

1) оқу формасы;

2) оқу-ұйымдастыру формасы. 

Оқу формалары 

  • Жеке-дара
  • Топтық
  • Толық сыныптық
  • Ұжымдық
  • Жұптастық
  • Дəрісханалық
  • Дəрісханадан тыс сыныптық
  • Сыныптан тыс
  • Мектептік
  • Мектептен тыс

Оқу процесін ұйымдастыру формалары 

  • Сабақ (дəстүрлі түсінімде)
  • Дəрісбаян
  • Семинар
  • Конференция
  • Зертхана-практикалық дəріс
  • Практикум
  • Факультатив
  • Оқу саяхаты
  • Курстық жоба
  • Дипломдық жоба
  • Өндірістік практика
  • Өзіндік үй жұмысы
  • Кеңес
  • Емтихан
  • Сынақ
  • Пəн үйірмесі
  • Шеберхана
  • Студия
  • Ғылыми қоғам
  • Олимпиада, конкурc

Жеке-дара оқу формасы

Мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасқа келуінен құралады.

Жеке-дара өтілетін дəріс түрлері: репетиторлық , тьюторлық, менторлық, гувернерлық, отбасылық оқу, өзіндік оқу.

Жеке-дара оқу формасы

Репетиторлық оқушыны емтихан жəне сынақ тапсыруға дайындаумен байланысты.  Тьютор-оқушыға ғылыми жетекшілік жасап, оны конференцияларға, ғылыми іс-шараларға дайындайды.

Ментор –оқушы кеңесшісі, оқылып жатқан пəн мазмұнына даралық сипат береді, тапсырмалар орындауға жəрдемдеседі, тұрмысқа бейімделуге көмек көрсетеді.

Оқудың ұжымдық формасы

Оқушылар əрқилы мүдде- мақсатқа орайласқан топтарда оқиды, тəрбиеленеді.

Ұжымды-топтық сабақ түрлері өз ішіне дəрісбаян, семинар, конференция, олимпиада, оқу саяхаттары жəне іскерлік ойындарды қамтиды.

Даралықты-ұжымды дəрістер-пəн, тақырып жұмыстарына толық шомдыру (погружение), шығармашылдық апталары, ғылыми апталар, жоба (курстық, диплом) жұмыстары.

Дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері 

  • Жаңа білім материалын хабарлау
  • Білімді бекіту
  • Ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту
  • Қорытындылау
  • Білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы. 

Дәрісбаян

Дəріс - басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дəрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тəсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі

Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері

  • Жаңа материалды игеру
  • Бекіту
  • Қайталау
  • Білімді бақылау, тексеру.

Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері

Дəрісбаян түрлері

- ақпараттық дəрісбаян – түсіндірме-көрнекілік əдіспен өткізілетін дəстүрлі, ежелден келе жатқан оқу түрі;  - проблемді дəрісбаян- оқу материалының ұсынылуы шешімі қажет болған сұрақтар, мəселе-міндеттер, жағдай-ситуациялар қолданумен өтілетін оқу формасы. Таным процесі-ғылыми ізденіс, диалог, талдау, əрқилы көзқарастарды салыстыру жəне т.б. жолдармен орындалатын оқу шарты;  - көрнекілі (визуалды) дəрісбаян – оқу материалын техникалық оқу құралдарын, аудио, теледидар қолдану арқылы, түсіндірме бере отырып, оқыту жүйесі;  - бинарлы дəрісбаян (диалогты дəрісбаян) – оқу материалын екі оқытушының - бірі ғалым, екіншісі – практик немесе екі ғылыми бағыт өкілдерінің сұхбаты негізінде жеткізу формасы;  - шатастыру дəрісбаяны (лекция провокация) –мұндай дəрістер алдын ала жоспарланған қателіктермен беріледі. Мұндағы мақсат –оқушылар ынтасына дем беріп, ұсынылып жатқан материалға бақылау қоюға жəне көзделген олқылықтарды байқауға үйрету


Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет