2. Премикстерді мал шаруашылығында пайдаланудың маңызы;
3. Премикс түрлері;
4. Премикс толтырғышы;
5. Талаптары.
«Премикс» сөзі латынның «prae» - алға, алдын-ала және «micseo» - араласамын деген сөздерінен құралған.
Премикстер — микробиологиялық және химиялық синтез нәтижесінде алынған биологиялық белсенді заттардың жұғымды қоспасы. Ол күрделі азықтың қоректік сапасын жақсартады, мал организміне азықтың сіңімділігін арттырады.
Табиғи шикізаттан биологиялық белсенді заттарды ББЗ өндірудің өнеркәсіптік технологиясын әзірлеу қазіргі технологияның, биотехнологияның маңызды міндеті болып табылады. Ол биоресурстарды толық және кешенді пайдалануды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Қазақстанның мал шаруашылығы саласын дамытудың проблемасы тек жеке асыл тұқымды базаның ғана емес, сонымен қатар отандық мал азығы, витаминік қоспалардың, премикстер мен дәрі-дәрмектердің, ветеринарлық препараттардың жоқтығы. Елімізде малдардың басым бөлігі жеке аулада және фермерлік шаруашылықтарда екенін ескерсек, бұл ретте олардың әртүрлі аурулардан, малазықтардан уланудан және де әртүрлі себептермен қырылуы 20-40%- ды құрайды.
ПРЕМИКСТЕР Жоғары концентрацияланған премикстер Витаминді – минералды премикстер Минералды премикстер
Жоғары концентрацияланған премикстер витаминді концентраттар ретінде өндіру керек, себебі витаминдердің өзара байланысу мүмкіндігі теріс салдарға әкелмейді.
Витаминді – минералды премикстер – микроэлементтердің витаминдерге, ферменттерге теріс әсер етуінен қолдануға болмайды.
Минералды премикстерді кез-келген концентрация жасауға болады, бірақ жануарларда сіңірілмейтін бірнеше элементтерді ескеру керек.
Премикс толтырғышы. Премикс өзі денеге қосымша энергия бермейді. Ол тек оған негізгі жемдерде бар энергия мен қоректік заттарды тиімді басқаруға көмектеседі. Сонымен қатар, премикстер микроэлементтердің концентрацияланған тасымалдауыштары болып табылады. Премикстерге арналған толтырғыштың рН-бейтарап, ылғалдылығы 5-8 %-дан аспауы керек. Біздің елде толтырғыш ретінде бидай кебек кеңінен пайдаланылады. Кейбір елдерде толтырғыш ретінде кебек витамин массасының 30-70 % құрайды, ал сұйылтқыш ретінде бор не әктас қолданылады. Бұл өнімдердің араласуы бірден бірнеше мақсатқа жетуге мүмкіндік береді: қз бетінде кебекпремикстің сепарациясына кедергі жасай отырып, ауадан ылғал сіңіреді. Әктас премиксті ұсақтай отырып оның ылғалдылығын түсіріп, тығыздығын реттейді.