Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет135/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   571
Байланысты:
treatise187525

БЕНТАМ, Иеремия (сондай-ақ Джереми Бентам) – 1748 жылы 15 ақпан- да дүниеге келіп, 1832 жылы 6 маусымда қайтыс болған ағылшын әлеумет- танушысы, заңгер, саяси либерализмнің аса ірі теоретиктерінің бірі, ағыл- шын философиясындағы бағыт – утилитаризмнің негізін қалаушы.
Б. адвокат отбасында өсіп, 1760–1763 жылдары Оксфордта заңгерлік білім алды. Өзінің этикалық ілімін «Деонтология немесе мораль туралы ғылым» деп аталатын шығармасында баяндады. Жеке, дараланған мүддені жалғыз шынайы мүдде деп есептеді, ал қоғамдық мүддені солардың жиын- тығы деп қарастырды. Б. этикасының негізінде «пайда ұстыны» жатыр, ол бойынша адамдардың әрекеті, олардың қатынастары әкелген пайдасына қарай моральдық тұрғыда бағалануы тиіс. Пайданы анықтауда адамның жеке мүдделері ескеріледі. Моральдың өлшемі «пайда, тауып, бақытқа жету» болып табылады. Адамдардың жеке табыстары, олардың саны көбейген сайын, бақыттың жалпы жиынтығының артуына әкеледі.
Саяси көзқарасы бойынша, либерализмнің жақтаушысы, Ж.Ж. Руссо- ның қоғамдық шарт теориясын қарсыластық рухын қоздырады деп сынады, алайда ағылшын парламентінде сайлау құқығын кеңейтуге байланысты реформа жасау қажеттігін қорғады. Еркін сауда идеясын қолдады, бәсеке- лестік қоғамның тұрақтылығын, әділеттік пен теңдікті қамтамасыз етеді деп санады. Сөз еркіндігін, шіркеудің мемлекеттен бөлінуін, әйел теңдігін, некені бұзу құқығын, құлдыққа тыйым салуды, қинау мен азаптауға тыйым салуды, гомосексуалистерді жазалауды доғаруды жақтады.
Оның идеялары әрқилы бағаланды. К. Маркс оны «буржуазиялық то- пастықтың дарыны» десе, К. Поппер Бентамды Исайия Берлинмен қатар, либерализмнің пайғамбары деп бағалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет