Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет136/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Покровский П.А. Бентам и его время. Пг., 1916.; Философский энциклопедический словарь. – М.: «Советская энциклопедия», 1983. – 49 б.


БИ – дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі халық- тық билік жүйесінің құрылымдық элементін білдіретін әлеуметтік бірлік. В.В. Бартольдтың пікірінше, «би» сөзі шамамен ХІV–ХV ғғ. ежелгі түркі тіліндегі «бек» атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген. Кейін келе бастапқы семантикалық сипаттан арылып, көбінесе, пікірталасты, дау-дамайды, саяси-әлеуметтік жанжал- дарды шешіп, кесімді төрелік айтушы, әділ үкім шығарушы, дауласқан жақ- тарды ымыраға келтіруші, мәмілегер адамды бейнелеу үшін қолданылған. ХVІІ ғ. өмір сүрген Махмуд ибн Уәли («Бахр әл-асрар фи манақиб әл- ахйар») «жоғарғы мәртебелі әмірлер мен елге сыйлы, пендәуи тірліктен азат


135

адамдардың» барлығы Б. аталғанын жазады. Шоқан Уәлиханов: «Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған үкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес; тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар, тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болып отырған. Мұндай би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігіне және шешендігі бар екендігін халық ал- дында сан рет көрсетуге тиіс болды. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған. Сонымен, бұл би деген атақ келіп билік айтуға және төрелік сөз сөйлеуге патент сияқты нәрсеге айналған» (Уәлиханов Ш. Мақалалар мен хаттар. – Алматы, 1949. – 56 б.) дей келіп би болудың әлеуметтік шарттарын көрсете отырып, би тұлғасын сомдайды. Би – халықтың өз ішінен, өз әлеуметтік өмірінен шыққан лауазым, би болуға халықтың өзінен жолдама алатынын көрсетеді. Би болу, Әйтеке би айтқандай «дұрыс сөзге тоқтай білген, басқа- ны сөзіне тоқтата білген» өнерлі адамның қолынан келген. Қазақ халқы би- ге аса құрметпен қарап, оны батырдан да жоғары санаған. «Батыр деген – ақ барақ ит: екінің бірі табады, би деген – ақ шариғат, мыңнан біреу шығады» деген қазақ мәтелі соның дәлелі. Ал қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде бұл ұғым алты түрлі мағынада: 1) ел билеуші, иелік етуші; 2) сот, төреші;


3) батагөй, шешен; 4) бітістіруші бітімгер, мәмлегер; 5) ақылман, кеңескер (кеңесші); 6) елдестіретін елші, дипломат ретінде қолданылады.


БИЛІК – қазақ халқының дәстүрлі санасында «ел басқару», «өкім ету» сөздері мен бірге мәндес ұғымды білдіреді. Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де Б. «өкімет» атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде Б. экон., идеол., ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, күштің жәрдемімен адам- дардың, әлеум. топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеум. қарым-қатынастардың пішімі. Ол қоғам мүшелерінің арасындағы әлеум.-табиғи айырмашылықтарға, субъективті-объективті қарым-қатынастарға байланысты қалыптасады. Оның мақсаты – қоғамда тұрақтылықты қамтамассыз ету, ал ішкі мән-мазмұны – үстемдік пен бағы- ныштылықты орнықтыру. Экон., саяси, құқықтық, әскери, рухани және отбасылық Б. түрлерінің арасында қоғамдық дамудың ұйытқысы әрі саяси күрестің негізгі нысаны болып саналатын мемлекеттік биліктің маңызы ерекше (қ. Билікті тармақтарға бөлу). Өкіметтің ерік-қалауын топтастыру, айрықша басқару аппаратын иелену, арнаулы органдар дербестігін қам- тамассыз етіп, қоғамдық тұрмысты тәртіпке келтіру ісіне дара иелік ету, қоғам мен жеке тұлға қарым-қатынасында мәжбүрлеу мүмкіндігіне жету Б-ке тән белгілер болып табылады. Субъектінің мақсатына орай Б-тің нысанына ықпал ету үшін пайдаланылатын құралдардың барлығы «билік


136

ресурстарын» құрайды. Мыс., қоғамдық өндіріс пен тұтынымға қажетті материалдық игіліктер, ақша, құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар т. б. Б-тің экон. ресурсы, ал әлеум., әскери, т.с.с. ресурстарды туындатушы әмбебап қор саналатын адамзат баласы демогр. ресурс ретінде бағаланады. Б-тің негізгі міндеті – қоғамды басқарудың стратегиясын айқындап, дамудың негізгі бағыттары бойынша нақты шаралар қолдану, әлеум. процесстерді шұғыл басқарып, дамудың орнықтылығы мен сындарлылығының маңыз- ды өлшемдеріне бақылау орнату, ал ең басты принципі – оның заңдылығы (легитимділігі). Б. әлеум. құрылымның ең күрделі әлеум. және саяси қарым- қатынастарын қамтитын қоғамдық, ұжымдар мен олардың арасындағы қарым-қатынастарды қамтитын көпшілік немесе қауымдық және жеке адамдық, шағын топтық деңгейлерінде салтанат құрып, қызмет атқарады. Саясаттану ілімінде Б-тің пайда болып, жүзеге асуының әр қилы пішімі зерделенеді. Ол басқару пішіміне орай – монархиялық (абсолюттік және конституциялық), республикалық (президенттік және парламенттік); мем- лекет құрылысының пішіміне орай – унитарлық, федеративтік, конфеде- ративтік; саяси режиміне орай – тоталитарлық, авторитарлық және демо- кратиялық; саяси ағымына орай – консервативтік, неоконсервативтік, либералдық, неолибералдық, социал-демократиялық болуы мүмкін. Б-тің заң шығарушы, атқарушы және сот қызметі тармақтарына бөлу жаңа дәуірдің үлкен теориялық жаңалығы болды. Олардың арасында тежеу мен тепе-теңдік жүйесінің болуы, яғни дербес билік тармақтарының өзара үйлесімділігін сақтау, олардың заңға бағынуын қамтамассыз ету принципі демокр., азаматтық қоғам орнатып, құқықтық мемлекет құруға берік негіз қалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет