Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет173/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ГЕДОНИЗМ (грек. hedone – көңілділік, рақаттану) – Кирен фило- софиялық мектебі (б.з.д. ІV ғ.) мен Эпикурдың (б.з.д. 341–270) дамытқан этикалық ілімі. Г. эвдемонизмнің бір тармағына жатады және ләззат алуды (негізінен сезімдік) тіршіліктің бастауы мен өмір мағынасы деп жария- лайды. Жақсы игілік рақаттануға жеткізеді, жамандық қайғы-қасірет әкеледі. Г-нің салыстырмалы толық ілімін Сократ шәкірті Аристипп қалыптастыр- ған. Эпикурейшілдікте Г. принципі сезімдік ләззаттардан рухтың тыныш- тығына (атараксия) және қасіреттен құтылу жолдарын іздеуге көбірек бағытталған. Қайта Өрлеу мәдениетінде Г-тік бастаулар адам құдіреттілігіне қатысты қарастырылады., Жаңа заманда моральдік Г. тұрғысынан пайым- даулармен философ-ағартушылар және жазушылар әуестенген (мыс., ХІХ ғ. ағылшын әдебиетінің классигі Оскар Уайльдтің «Дориан Грейдің портреті»). Қазіргі философиялық дәстүрде (Сантаяна, Дрейк) Г. индиви- дуализмді дәріптеумен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет