ГВАТТАРИ Феликс (1930–1992) – француз психоаналитигі әрі философ. Шизоанализдің негізін қалаушылардың бірі. Өзінің көптеген шығармаларын Жиль Делезбен бірігіп жазған: «Капитализм және шизо- френия» (Т. 1. «Анти-Эдип», 1972, «Кафка» (1975), «Ризома» (1976), «Филосо- фия деген не?» (1990). Гваттари сондай-ақ жеке орындаған еңбектердің де авторы: «Психоанализ және трансверсальдық» (1972), «Молекулярлық революция» (1977), «Машиналы бейсаналылық» (1978), «Шизоаналитика-
161
лық картографиялар» (1989) және басқалары. Неврозды түсінудің басы деген оймен шизофренияны зерттеуге бірқатар жұмыстарын арнады. Психо- аналитикалық идеяларға қызыққанымен, кейінірек Фрейдтің, Лаканның, Маркузенің және әртүрлі бағдардағы басқа да психоаналитиктердің тұжы- рымдамаларын сынады. Жаңашыл, «төңкерістік» психиатриялық практика- ны орнықтыру үшін La Borde баламалы психиатриялық клиникасының не- гізін қалады. Саяси және психиатриялық бастауларды біріктіретін дискурс жасауға ұмтылды. Бейсаналық ұғымын индивидтің ішкі әлемінің құры- лымы ретінде кеңейтуді ұсынды. «Машиналы бейсаналылық» тұжырым- дамасын ойлап шығарды, ол бойынша бейсаналылық өзін әртүрлі бейне- лерді, сөздер мен қалауларды өндіріп шығаруға итермелейтін абстрактілі машинизмдерге толы. ХХ ғасырдағы тіл философиясына тән дәстүрлі тәсілдерді түрлендіре отырып, «Білдірілетін – Білдіретін» жүйесінің әрқилы компоненттерінің үлес салмағы мен маңызын барынша радикалды түрде сипаттады. Оның осындай интеллектуалдық ізденістерінің мақсаты мәде- ниетке қарсы тұратын абстрактылы декодировканы табу болды. Гваттари, сондай-ақ Делезбен бірлесіп «ризома» (тамырсыздық) тұжырымдамасын жариялады.
Достарыңызбен бөлісу: |