Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет168/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   571
Байланысты:
treatise187525

ГАРТМАН (Hartmann) Эдуард (23.02.1842, Берлин – 05.06.1906, Грослихтерфельде), неміс философы. Г. философиясының негіздері – Шопенгауэр волюнтаризмі мен Шеллингтің «тепе теңдік философиясы». Г. өзінің негізгі шығармасы – «көмескі саналық философиясында» (1869, орыс. ауд. 1902) жаратылыстанулық-ғылыми материализмге мистикалық идеализмді, әлеуметтік прогресс идеясына тарихқа деген пессимистік көзқарасты қарсы қойды. Г. панпсихизм позициясын ұстанды, өсімдіктерде және тіпті, атомдарда түйсік бар деп санады. Барлық тіршіліктің негізі көмескі саналы рухани бастау деп пайымдады. Ғарыш Г. бойынша, ирра- ционалды процестің жемісі, ондағы сана өмірдің негізі және дамудың қоз- ғаушы күші болып табылатын көмескі саналы әлемдік ырықтың құралы ғана. Иррационалдылықты танудың негізінде Г., пессимизм тұрғысындағы этиканы қалыптастырды («Адамгершілік сана феноменологиясы» – «Pheno- menologie des sittlichen Bewusstseins», 1879). Ол адамзаттың ақыл ойын бір- тіндеп жаулап алған үш иллюзиядан: осы дүниелік бақыт иллюзиясынан, о дүниелік бақыт иллюзиясынан және тарихи даму барысында қол жететін бақыт иллюзиясынан құтылуға шақырды. Соның нәтижесінде Г. нигилистік дінді уағыздады («Адамзаттың діни санасы» – «Das religiose Bewusstsein der Menschheit», 1882): Ғарыштың парасатсыздығы мен мақсатқа сәйкессізді- гін сезіну арқылы эволюция оның жойылуына алып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет