Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; Мәдени-философиялық энциклопедия / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева, Ә. Әлімжанова. – Алматы, 2007. 158
ГАРТЛИ, Хартли (Hartley) Дейвид (30.08.1705, Армли, – 28.08.1757, Бат), ағылшын ойшылы, ассоциативті психологияның негізін салушы- лардың бірі. Священниктің ұлы, Кембриджде теологияны оқыған, кейін медициналық білім алып дәрігер болып қызмет еткен.
Г. адамның жүріс-тұрысын басқару үшін психикалық процестердің нақты заңдарын анықтауға талпынып, ол үшін Ньютон физикасының прин- циптерін қолдануға тырысты. Г. пайымдауына сәйкес сыртқы эфирдің сезім органдарында, мида, бұлшық еттерде осындай вибрацияларды тудырады. Ал бұлар қарапайым сезінуден бастап ойлау мен ырыққа дейінгі психика- лық құбылыстардың реті мен байланыстарына параллельді қатынаста бола- ды. Локк ілімін басшылыққа ала отырып, Г. алғашқы болып ассоциация механизмін психикалық әрекетті түсіндірудің әмбебапты принципіне айнал- дырды. Г. сәйкес адамның психикалық әлемі біртіндеп бастапқы элемент- тердің күрделенуі нәтижесінде қалыптасады. Дамудың қозғаушы күштері
– ләззат алу мен азап шегу. Жалпы ұғымдардың қалыптасуында Г. осылай түсіндіреді: олар өзгеріссіз қалатын ассоциациялардан барлық кездей- соқтық пен маңызды еместің ажыратылуы барысындағы жалқылардан қалыптасады; ой қорыту факторы болып табылатын сөз арқылы тұрақты белгілердің жиынтығы тұтастық ретінде сақталады.