ВОЛЬТЕР (Франсуа Мари Аруэ, 21.11.1694, Париж, – 30.05.1778, сонда) – француз философы, жазушы және публицист. XVIII ғ. француз ағартушыларының бірі. В. өзінің «Философиялық хаттарында» ағылшын философы Дж. Локктың сенсуализмін ұстанды, француз материализміне, әсіресе, Гольбахқа қарсы шықты. Өзінің басты философиялық мақала- ларын «Энциклопедияда» басты. В. табиғи құқық мектебінің өкілі ретінде әр индивидтің бостандығы, жеке меншігі, қауіпсіздігі, теңдігі идеяларын
155
мойындады. Шығармаларының көпшілігі діни соқыр-сенімге, қанаушы- лыққа, клерикалды изуверлікке, деспотизмге қарсы бағытталған. Өзінің публицистік памфлеттерінде («Діни төзімдік туралы трактат», 1763), көркем шығармаларында (мысалы, «Гебры» трагедиясы) діни төзімділік идеясын уағыздады. Шіркеуге, дінге қарсы шыға отырып, ол атеизмнің жауы болды, оған арнайы памфлетті («Homélie sur I’athéisme») арнады. XVIII ғ. ағылшын буржуазыиялық еркін ойлаушылары сияқты деизмді ұстанды, әлемді жаратушы құдайдың бар екендігін мойындағанмен, оның әлемдегі заңдылықтарға араласпайтындығын «космологиялық» («Атеизмге қарсы»), «телеологиялық» («Le philosophe ignorant») және «моральдық» («Энциклопедиядағы» «Құдай» мақаласы) дәлелдермен тұжырымдады. Абсолютизмге қарсы шыға отырып, ол өмірінің ақырына дейін монархист болып қалды, яғни қоғамның «білімді бөлігі», интеллигенция,
«философтарға» сүйенетін, ағартушылық монархизм идеясын ұстанды. Білімді монарх – оның саяси идеалы («Генриада» поэмасы, «Минос заңдары» трагедиясы). 28 классикалық трагедия жазды, бастылары: «Эдип» (1718), «Брут» (1730), «Заира» (1732), «Цезарь» (1735), «Магомет» (1741),
«Меропа» (1743), «Семирамида» (1748), «Құтқарылған Рим» (1752),
«Қытайлық жетім» (1755), «Танкред» (1760). Философиялық романдары:
«Видение Бабука», «Задиг немесе тағдыр», «Микромегас», «Кандид»,
«Вавилондық ханша туралы ертегі», «Scarmentado» және т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |