Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004.
ВЕРИФИКАЦИЯ (лат. verus – ақиқатты және facio – жасаймын) принципі – логикалық позитивизмнің (неопозитивизмнің) ғылым тілін тал- дауда, ғылыми ұйғарымдардың ақиқаттығын орнықтылауда қолданатын қағидасы. В.п. бойынша әрбір ғылыми ұйғарымның ақиқаттылығы түптің- түбінде эмпириялық тексеру, таза эмпириялық анықталған фактілермен тәжірибе жүзінде тексерілуі, демек қарапайым фактілерді хаттамалайтын сөйлемдерге келіп телінуі тиіс. Хаттамалық сөйлемдердің ақиқаттылығы сәйкесті оқиғаны тікелей бақылау арқылы орнатылатын болса, теориялық сөйлемдердің ақиқаттылығы олардың логикалық салдарларын хаттамалық сөйлемдермен тікелей салғыластыру жолымен анықталады. В.п. неопозити- визмде ғылыми ұйғарымдарды ғылыми еместерінен ажырату үшін қызмет ететін қағида есебінде де қолданылады. Бұл тұрғыдан метафизикалық ұй- ғарымдар верификацияланбайтындықтан ғылым санатынан аластатылып, философияның рөлі тек ғылым тілін логикалық талдаумен шектеледі. В.п. гносеологиялық түп негізі адам танымы сезімдік тәжірибе шеңберінен аса алмайды дейтін эмпиристік көзқарасқа саяды. В.п. гносеологиялық және методологиялық қауқарсыздығы анықталғандықтан, оның жақтастары қатаң верификациялаудан бас тартып, бұл принциптің (жартылай не жанама верификациялауға саятын) осалдау вариантын қабылдауға мәжбүр болды. Қазіргі ғылым философиясы мен методологиясында В.п. орнын әлдеқайда басқа қағидалар басып, верификациялау ғылыми білім дамуының өте күр- делі үдерісінің бір сәті есебінде қарастырылады (мысалы, постпозитивизм фальсификациялау принципіне жүгінеді).
ВЕСТЕРНИЗАЦИЯ (ағыл. western – батыстық) – Батыс мәдениеті үл- гілерін қабылдау, басқа мәдениеттердің батыстандырылуы немесе батыс- тық донор мәдениеттен реципиент ретінде жеке құндылықтарды қабыл- дауы. В. деп Америка мен Африка құрлықтарындағыдай батыстық мәдени нормаларды күшпен енгізуді айтпайды. В. негізінен, мәдени қабылдаушы елдің басқарушы элиталық тобының белсенділігімен жүргіргізілген. Мыс., Бірінші Петр жүргізген реформаларды, Түркиядағы Кемал Ататүріктің
«жас түрікшілдер» революциясын, Латын Америкасының АҚШ-тық құндылықтарды біртіндеп қабылдауын т. б. атап өтуге болады. В. тек батыс технологиясы мен өндіріс жаңалықтарын қабылдаумен шектелмей, осы өркениеттіліке тән құндылықтарды (демократия, адам құқтарының басымдылғы, толеранттылық, ақпарат еркіндігі, азаматтық қоғам т. б.)
152
енгізумен, айқындалады. Бұл белгілері бойынша В. қамтыған елдер деп Жапония, Оңтүстік Корея, Шығыс Еуропаның кейбір мелекеттерін атап өтуге болады. ТМД кеңістігінде В. әлі қарқын алған жоқ. Жастардың тек батыстық бұқаралық мәдениет үлгілерімен әуестенуі шынайы В-ға жеткізбейді. В. ұшырап отырған елдерде оған қарсы дәстүрлі мәдениеттің оппозициялық көңіл-күйі де қалыптасады. В-ға қарсылықты, әдетте, діни топтар мен маргиналдық қауым көрсетеді. Өйткені, олар В. нәтижесінде қоғамда алып отырған орындарынан айырылып қалу қаупінен қорқады.
Достарыңызбен бөлісу: |