ВЕБЕР Альфред (1868–1958) – неміс мәдени әлеуметтанушысы және экономисі. Мәдени-әлеуметті кең мағынада алып, әлемдік тарихтың әлеум. философиясы ретінде түсіндірді. Оның көзқарастарының қалыптасуына ағасы М. Вебердің, Шпенглердің, Хайдеггер мен Ясперстің ықпалы зор болды. Шпенглер тәрізді В. әрбір адам онда өзінің орнын, дүниежүзілік тарихтың әмбебапты үлгісін жасағысы келді. Шпенглерден өзгеше ол осы үлгінің теориялық негізінде философия емес, қайта синтетикалық ілім
– әлеуметтану жату керек деді. Тарихи процесті В. ерекше бір ырғаққа бағынған көп деңгейлі қозғалыс деп қарастырады. Оның басты деңгейлері:
тарихи деңгейлер деп аталатын, экономикалық және саяси құрылымдар- ды өзіне қосатын тәндік-витальдық және әлеуметтік-экономикалық бір- лестіктер; бұл нағыз әлеуметтік аспект болып табылады; 2) ғылым мен тех- никаның өзіндік дамуы қисынынан туатын рационалды-интеллектуалдық деңгей; өркениеттілік аспект; 3) діни, философиялық, ізгілік трансцен- денттік негіздерін таба алатын рухани-жандық деңгей; мәдени аспект. В. мәдениет пен өркениетті Шпенглер сияқты қарсы қоймайды. Тарихи прогресс өркениеттіліктің ғылыми-техникалық өлшемдері арқылы да, мәдени құндылықтардың ашықтылығы нәтижесінде де жүзеге асады. В. бюрократтық-әкімшілік жүйенің роботқа айналған тұлғаларының қауіп- тілігі жөнінде ескертеді. В. әлемдік мәдениеттегі номадтардың рөлін жоға- ры бағалап, олар тарих катализаторлары болды дейді.