Әдебиет: Southem R.W. Westem views of Islam in the Middle ages. Cambridge, Massachusets, 1962; Соколов В.В. Средневековая философия. – М., 1979.
БЭКОН (Bacon) Фрэнсис (22.01.1561, Ұлыбритания, Лондон – 09.04.1626, Хайгет) – ағылшын философы, ойшыл. Атақты «Жаңа Органон» трактатының (1620) авторы. Табиғат күштерін, заңдылықтарын танып- біліп, оларды іс жүзінде қолдануда ғылым ерекше орын алады деп білді. Б. ғылым дамуының алғышарттарын: 1) схоластиканы сынау және бұрынғы ілімдердің ақиқаттығына күмән келтіру; 2) ақыл-ойды адасудан, қателіктен, жалған бейне – идолдардан («әулет идолы», «үңгір идолы», «алаң идолы»,
«театр идолы») тазарту; 3) ғылым жетістіктерін дұрыс түсіндіре алмайтын аристотельдік силлогистиканың орнына индуктивтік жаңа теорияны қол- дану арқылы ақиқатқа жету деп негіздеді. Б. табиғатты тану негізінде мәде- ниетті мақсатты түрде өзгерту адамзаттың басты мүдделерінің бірі деп түсінді. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп-табынушылық сияқты жалған көзқарастардан аулақ болып, танымның ақиқатқа белсенді әсер ететін, соның арқасында табиғат алдына қойылған сұрақтарға дұрыс жауап алуға мүмкіндік беретін тәжірибе екендігін түсінуі керек. Б. нақты шындық – білуге болатын жеке денелер ғана, ал жан, рухты т. б. ғыл. тұрғыдан тануға болмайды деді. Б. дін мен ғылым бір-біріне кедергі жасамай, әрқайсысы өз жолымен ақиқатқа жетуіне болады деп пайымдады.
Достарыңызбен бөлісу: |