Қ. Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының 5 «Ә» сыныбымен өткізілген «Қателіктен қылмысқа дейін бір қадам» тақырыбындағы



бет1/10
Дата29.11.2019
өлшемі3,13 Mb.
#52749
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тәрбие сағаты құқық

Қ. Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының 5 «Ә» сыныбымен өткізілген «Қателіктен қылмысқа дейін бір қадам» тақырыбындағы

тәрбие сағаты бойынша анықтама
Тәрбие сағаты 16ақпан күні өткізілді. Сабаққа 24 оқушы қатысты, 2 оқушы денсаулығына байланысты сабақта болған жоқ. Сабақ 5 кезеңнен тұрды.

Құқық, қылмыс туралы жалпы түсінік.

«Тығырықтан шығар жол қайсы?» жағдаяттар шешу.

Мен заңды қаншалықты білемін?

Қылмыскер бала қайдан шығады?

Сергіту сәті

Қорытынды.

Оқушыларға «Мен қылмысқа қалай бардым?» тақырыбында бейнежазба көрсетіліп, оқушылар өз ойларын ортаға салды.

Сынып «Парыз», «Жауапкершілік», «Әділет», «Шындық» деп 4 топқа бөлінді.

Құқық, қылмыс жасау, жазалау туралы өз көзқарастарын айтып өтті.

«Мен заңды қаншалықты білемін? деген сұраққа жауап бере отырып, өз құқықтары мен міндеттеріне тоқталды.

Тығырықтан шығар жол қайсы? Бөлімінде әр топқа жағдаяттар беріліп, оқушылар бірлесе отырып, шешім шығарды, ойларын ортаға салды.

Сергіту сәтінде қылмыс пен құқық жайлы мақал-мәтелдердің жалғасын тапты.

Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз ойларын ашық, нақты жеткізе білді. Қылмыстың кез-келген қателіктен басталатынын түсініп, (біреуден ақша талап ету, мектеп мүлкін бүлдіру, өтірік айту, т.б.) жаман іске бармайтындықтарын айтты.



Тәрбие сағаты өз дәрежесінде өтті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет