Қ. Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының 5 «Ә» сыныбымен өткізілген «Конституция-Ата Заңымыз. Оны әркім білуге тиісті» тақырыбындағы
тәрбие сағаты бойынша анықтама
Тәрбие сағаты 20 ақпан күні өткізілді. Сабаққа 25 оқушы қатысты, 1 оқушы денсаулығына байланысты сабақта болған жоқ. Сабақ «Мен қандаймын?» тақырыбындағы тренингпен басталды. Оқушылар санау арқылы топқа бөлінді. Сабақ «Ата Заң» өлеңінің мағынасын ашып, ой қозғау әдісімен басталды.
Келесі кезеңде оқушылар Конституция сөзіне кластер жасап, постер қорғады. Конституция сөзін қалай түсінетіндерін, оның мәнін ашып түсіндірді. Әр топ бір-бірінің жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалады.
«Санаға сапар» кезеңінде оқушыларға Ата Заңымыздың тараулары мен баптарында не туралы айтылатынын слайдтан көрсете отырып түсінік берілді және де «Балалар құқығы туралы конвенцияға» да тоқталып өттік. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсене қатысты. «Ой жалғау» бөлімінде балалар заң туралы мақал-мәтелдердің жалғасын тапты.
Сабақтың нәтижесі «Кім тапқыр?» ойыны арқылы жасалды. Бұл кезеңде оқушылар тақырыпқа байланысты берілген берілген сұрақтарға иә не жоқ деп жауап беру арқылы өз алған білімдерін тиянақтады.
Тәрбие сағаты өз дәрежесінде өтті. Оқушылар сабаққа қызыға және белсене қатысты. Өздері ақпарат құралдарынан кездестірген пікірлер туралы да айтып, ой бөлісті.
Достарыңызбен бөлісу: |