БЭКОН (Bacon) Роджер (1214 ж.ш., Ұлыбритания, Ильчестер – 11.06.1292, Оксфорд) ағылшын философы, жаратылыстанушы, францис- калық монах. Оксфорд ун-ін бітіргеннен кейін сонда оқытушы болып істеді. 1277 ж. астрологияны қорғағаны үшін франциска орденінің қуғындауына ұшырады. Б. абстрактылы әрі негізсіз теориялық болжамдарды сынға алды.
«Үлкен еңбек» (Opus majus), «Кіші еңбек» (Opus minus), «Үшінші еңбек» (Opus tertium) деп аталатын шығармалардың авторы. Б-ның пікірінше, ақиқатты тану, білім және жат жерлер мен белгісіз халықтарды зерттеу тәжірибеге негізделуі керек.
Нақты тәжірибеге негізделген білім принципін ұстана отырып, Б. оп- тика мен механиканы («практикалық геометрияны») дамытуды насихат- тады, математиканы барлық ғылымдардың «есігі мен кілті» деп есептеді.
Достарыңызбен бөлісу: |