ВИРТУАЛДЫШЫНДЫҚ (лат. vіrtus– ақиқат) – компьютерлік техни- каның негізінде кеңістіктік-уақыттық континуумды адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты – қолдан жасалған құрылымды қалып- тастыру нәтижесі. В.ш. сөздің тар мағынасында «электронды көзәйнек» киіп алғаннан кейін пайда болатын ойындық немесе техникалық қажетті жасан- ды шындыққа жатады. Бұл жағдайда сана компьютер құрастырған мүмкін әлемге енеді, онда виртуалды түрде көріне, сезіне және әрекет ете алады. Сөздің кең мағынасында В.ш. – бұл сананың кез келген өзгертілген түрлері: жүйкелік шатасу, наркотиктік немесе шараптық мас болу, гипноздық қалып,
153
наркоз, ұзақ уақыт тар кеңістікте қалған адамдардағы психикалық өзгерістер (түрмедегілер, су асты кемелеріндегі т. б.). «Виртуалды» (ақиқат) ұғымында парадокс бар: қарапайым сана оны «қиял, иллюзорлы, ойдан шығарылған» деп есептейді. Бұл парадокс шындықты бағалаудан да туындайды. Өйткені, ХХ ғ. философиясында реалдықты мойындауға қатысты материалистер мен идеалистер бөлінуі бұрмаланып жіберілді. «Қайсысы бұрын болды?» деген сұрақтың орнына тіл мен шындықтың прагматикалық маңызын айқындау алдыңғы қатарға шықты. «Шындық» сөзінің өзі тілдік формаға жатады. Сол себепті жасанды иллюзорлы шындық виртуалды деп аталады, ол басқа «шындықтардан» шынайы болып табылады. Бақытты және бақыт- сыз адамдардың шындығы әртүрлі. Еуропалық экзестенциалист әлемді шы- ғыстық дзэндік уағызшыдан басқаша көреді. Сондықтан кез келген шындық виртуалды болып табылады.